Асқазан-ішек жолдарының аурулары, олардың себептері мен тамақтану гигиенасы туралы 8-сыныпқа арналған сабақ.
Ask about this video. Answers come from its transcript only — with the timestamp, so you can check them.
Generated from the transcript and can be wrong — check the timestamp.
Key Takeaways
- Асқазан-ішек ауруларын алдын алу үшін гигиена мен дұрыс тамақтану маңызды.
- Ботулизмнің алдын алу үшін консервілерді дұрыс өңдеу қажет.
- Паразиттер мен жұқпалы аурулар лас орта мен қол арқылы таралады.
- Тамақтану режимін сақтау асқазанның саулығын қамтамасыз етеді.
- Ауру белгілері байқалса, жедел жәрдемге жүгіну керек.
What the video covers
- Асқазан және ішек ауруларын микроағзалар, бактериялар, қарапайымдылар және вирустар тудырады.
- Ішек жұқпалары қайнамаған су, жуылмаған көкөністер, лас ыдыс-аяқ және сақтау мерзімі өткен тағамдар арқылы таралады.
- Дизентерия, тышқақ, ішсүзегі, тиф, тырысқақ, холера сияқты қауіпті аурулар бар.
- Паразиттер адам ағзасына лас су, топырақ және лас қол арқылы енеді, олар тек ішекте ғана емес, басқа ағзаларда да тіршілік етеді.
- Асқазанның қабынуы гастрит деп аталып, емделмесе жараға айналады.
- Семіздік липид алмасуының бұзылуынан туындайтын созылмалы ауру.
- Ботулизм – консервілерден тарайтын, өлімге әкелетін тағам улануы, оның токсині жылан уынан 400 мың есе күшті.
- Ботулизмнің алғашқы белгілері: әлсіздік, көру қабілетінің төмендеуі, тыныс алу қиындауы, ішек жұмысын тоқтатуы.
- Тамақтану гигиенасы: күніне үш рет тамақ ішу, тамақты дұрыс пісіру, ауызды шайып, тісті тазалау маңызды.
- Тамақ ішкенде сөйлемеу, ыстық немесе суық тағамнан аулақ болу және майлы, ащы тағамдарды шектеу қажет.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Қайырлы күн, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы асқазан ішек жолдарының аурулары және тамақтану гигиенасы.
Speaker A
Асқазан және ішек ауруларын ауру тудыратын микроағзалар, бактериялар, қарапайымдылар және вирустар тудыруы мүмкін.
Speaker A
Көбінесе ағзаға ішек жұқпасының қоздырушылары қайнамаған су, жақсы жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектер, лас ыдыс-аяқ, кір қол және сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері арқылы түседі.
Speaker A
Микроағзалар тез көбейіп, ағзаны улайтын улы заттар бөліп шығарады.
Speaker A
Қауіпті ауруларға дизентерия, тышқақ, ішсүзегі, тиф, тырысқақ, холера және тағы басқалар жатады.
Speaker A
Асқазан ішек жолдары ауруларының жұқпаларын көбінесе шыбындар мен тарақандар да таратады, сондықтан осы жәндіктермен күресуге назар аудару керек.
Speaker A
Адам ағзасы 400-ден астам паразит құрттарының дамуына ең қолайлы орта.
Speaker A
Олар тек ішекте емес, өкпеде де, жүректе де, бұлшықеттерде, тіпті бас миында да тіршілік етеді.
Speaker A
Паразиттер адам ағзасына жуылмаған немесе дұрыс қайнатылмаған лас суларға шомылу және лас топырақ, лас қол арқылы түседі.
Speaker A
Тек жұқтырған адамның лас қолы арқылы ғана емес, оған дейінгі тұтынған адамдардың қолдарының лас арқылы жұғады.
Speaker A
Паразиттердің жұмыртқасы ақшада, көпшілік жерлерде,
Speaker A
суда, балықта, салада, шұжықта, шошқа етінде, сиыр етінде, тауықта, қой еттерінде,
Speaker A
тіпті тауық жұмыртқасында да кездеседі.
Speaker A
Асқазанның шырышты қабатының қабынуы
Speaker A
гастрит деп аталады.
Speaker A
Оны уақытылы емдемесе, асқазан жарасының пайда болуына келеді.
Speaker A
Бұндай кезде адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді.
Speaker A
Асқазаны қыжылдап, кекіреді.
Speaker A
Жауырынның орта тұсы ауырады.
Speaker A
Ұйқысы қашады.
Speaker A
Семіздік дене салмағының өсуімен дененің әр жеріне май жиналуымен жүретін липид алмасуының бұзылуымен,
Speaker A
кейіннен асқынудан жүретін созылмалы құбылыс.
Speaker A
Ботулизм деген не?
Speaker A
Және оның алғашқы белгілері қандай?
Speaker A
Соңы өлімге келетін тамақтан уланудың бір түрі.
Speaker A
Ботулизм негізгі себептері тағамдағы консервілер.
Speaker A
Оның қоздырушы бактериялары топырақта бекиді.
Speaker A
Топырақ арқылы өсімдік бойына еніп, жануардың ағзасына түседі.
Speaker A
Сондықтан ботулизмнің пайда болу себептері топырақпен байланысты.
Speaker A
Барлық заттар болуы мүмкін.
Speaker A
Дұрыс жуылмаған немесе қайнатылмаған заттар,
Speaker A
токсиндерді тез дамыта бастайды.
Speaker A
Олар оттегісіз ортада жақсы дамитындықтан, консервілерде, ірі ішек пен шұжықтың қабықтары,
Speaker A
бактериялардың жиналуына тиімді орын болмақ.
Speaker A
Ботулотоксин жер бетіндегі ең қауіпті улы заттың түрі.
Speaker A
Салыстырмалы түрде қарасақ, ол жыланның уынан 400 мың есе күштірек.
Speaker A
Бірақ олар 50-60 градус Цельсиймен қайнатқанда ыдырайды.
Speaker A
Сондықтан пісіріп, қуырылып желінетін тағамдардың барлығын жақсылап пісіріп, қуырып жеуіміз қажет.
Speaker A
Ботулотоксиндер өнімнің сыртқы түріне, дәміне еш әсер етпейді.
Speaker A
Оны тек лабораториялық тексеріс арқылы ғана байқауға болады.
Speaker A
Ботулизм кезінде құсу, іш өту болмайды.
Speaker A
Онымен ауырған кезде ішек болқынбайды.
Speaker A
Керісінше жұмысын толық тоқтатады.
Speaker A
Ботулизммен ауырғанда адам әлсіреп, көру қабілеті төмендейді.
Speaker A
Көз алдындағы заттар екі еселеніп көрінеді.
Speaker A
Дем алу қиындайды.
Speaker A
Осындай белгілер байқалған кезде шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру керек.
Speaker A
Және жедел жәрдем келгенше краннан ағып тұрған суды литрлеп ішу керек.
Speaker A
Себебі оны қайнату үшін уақыт жоғалтып алуымыз мүмкін.
Speaker A
Былайша айтқанда токсин қанға, миға өткізбеу керек.
Speaker A
Әрі қарай барлық үміт дәрігерлерде болмақ.
Speaker A
Ересек адам күніне үш рет тамақ ішу керек.
Speaker A
Диетолог ғалымдар мынадай ережелер ұсынады: бір тәулікте ішетін тамақтың 20 пайызын таңғы аста,
Speaker A
20 пайызын кешкі аста, екінші таңғы ас пен түскі аста 30 пайыздан ішу керек.
Speaker A
Уақытылы тамақ ішпеу асқазан ауруына, асқазан қабынуы мен жарасына себеп болуы мүмкін.
Speaker A
Артық тамақ ішуден зиян.
Speaker A
Кешкі ұйықтаудан кем дегенде бір жарым сағат бұрын тамақ ішу керек.
Speaker A
Тамақ жеген кезде сөйлеуге, телевизор қарауға болмайды.
Speaker A
Тамақ өте ыстық немесе өте суық болмау тиіс.
Speaker A
Майлы және ащы тамақ жеуден зиян.
Speaker A
Тамақ жеп болған соң ауызды міндетті түрде шайып, тісті тазалау керек.
Speaker A
Бүгінгі сабағымыз осымен тамам.
Speaker A
Келесі кездескенше аман болайық.
Topics:асқазан-ішек ауруларытамақтану гигиенасыпаразиттерботулизмгастритжұқпалы аурулартамақтану ережелері8-сыныпқазақша сабақденсаулық











