Ask about this video. Answers come from its transcript only — with the timestamp, so you can check them.
Generated from the transcript and can be wrong — check the timestamp.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Құрметті тыңдармандар, бұл дұрыс сөйлейік бағдарламалар циклы. Келесі біздің бір тақырыбымыз ол тілек айту жайында айтып өтсек. Тілекті қалай дұрыс айтудың ерекшеліктері бар ма, осы мәселе жөнінде.
Speaker B
Әрине, ерекшелігі бар, ерекшелігі болғанда қандай. Мынау бізді тыңдап отырғандар қазақ тілін үйренем, қазақы ортада өзімді еркін сезінетіндей тілді білсем деп отырғандар ғой енді, Нұрсұлтан.
Speaker B
Сондықтан тілек айтпаса, қазақы ортада жүру, еркін өзін сезіну мүмкін емес. Бұл ауызша қарым-қатынаста күнделікті біздің алдымыздан шығатын жағдаят, тілек айтатын жағдаяттар көп болады.
Speaker B
Біз алдыңғы аудиокурстарда айттық қой, қоштасқанда да тілек айтып қоштасады қазақтар, амандасқанда да тілек айтып амандасады.
Speaker B
Былай қарасаң, тілек айту жай ғана бір қуанышты оқиғаға байланысты болатын этикеттік норма емес.
Speaker B
Тіпті қазақтың тұрмысында өте жиі кездесетін жағдаят.
Speaker B
Сондықтан қателерге ұрынбау керек.
Speaker B
Біз енді курсымызда әлгі орыс тіліндегі құбылыстармен салыстырып отырамыз, өйткені көбіне қазақ тілін үйреніп жүргендер.
Speaker B
Енді орыс тілін жақсы білетіндер, орыс мәдениетін жақсы түсінетін адамдар.
Speaker B
Мысалы, солар мына орыс тілінің тілек айту нормаларын бізге әкеп салады.
Speaker B
Мысалы, мынандай мерекелерде, әсіресе ресми корпоратив дейді ғой, сондай жиындарда қазақтың қыз-жігіттері.
Speaker B
Құрметті Бәленбай, ешқашан қартаймаңыз деп айтып тұрады.
Speaker A
Мхм.
Speaker B
Ешқашан қартаймаңыз деген сияқты.
Speaker B
Бұл қазақтың тілек айту дәстүріне жат нәрсе.
Speaker B
Өйткені енді өзің ойлашы, Нұрсұлтан, кім қартаймайды?
Speaker A
Иә.
Speaker B
Сен де қартаясың, мен де қартаямын.
Speaker B
Қартаймайтын қалай ойлайсың?
Speaker B
Астағфирулла, кім қартаймайды?
Speaker B
Шайтан қартаймайды.
Speaker B
Сондықтан немесе өліп қалған адам қартаймайды ғой.
Speaker B
Жастай өліп қалған, сондықтан қазақтың ақсақалдары әдетте.
Speaker B
Ешқашан қартаймаңыз десе, қайтар.
Speaker B
Мен саған немене шайтан бедім деп айтады.
Speaker B
Астағфирулла.
Speaker B
Сондықтан тілек айтқан кезде қазақ ортада егер сіз ол кісіге үлкен ғұмыр тілесеңіз, ұзақ ғұмыр тілесеңіз.
Speaker B
Жасыңыз ұзақ болсын, ақ басты, ақсақал, сары тісті жей болыңыз деп айтады.
Speaker B
Бұл деген сөз сүйкімсіз болыңыз деген сөз емес.
Speaker B
Бұл деген сөз жасыңызға жас қосылған сайын айналаңызды сізді қадірлейтін, құрметтейтін туыстарыңыз, немере-шөберелеріңіз көп болсын деген сөз.
Speaker B
Сол сияқты әрбір ситуацияға байланысты айтылатын тілектер бар.
Speaker B
Енді баяғы кезде мал бағып жүрген адамды кездестіріп қалсаңыз далалы жерде.
Speaker B
Онда оны көрген кезде бағар көбейсін деп айтады.
Speaker A
Мхм.
Speaker B
Бағар деген бағатын малын көп болсын деген сөз.
Speaker B
Енді мысалы, диқаншыны кездестіріп қалсаңыз, қырман тасысын деп тілек айтады.
Speaker B
Яғни, астың көп болсын, өнімді көбірек ал деген жақсы тілек.
Speaker B
Енді осындай қолданыстарды қазіргі заманға да икемдеп, әрбір кәсіп иесін көрген кезде.
Speaker B
Сол кәсіп иесіне қатысты тілектерді құрастырып айтуға болады.
Speaker B
Жазар көбейсін дейміз біздер мысалы.
Speaker A
Иә.
Speaker B
Тіл танушылар бір-бірімізді көрген кезде қалжыңдасып.
Speaker B
Содан кейін енді мынандай қазір саулық тілеймін деген қолданыс көбейіп бара жатыр да.
Speaker B
Енді саулық деген сөздің өзі жеке дара тұрған кезде сау болушылық, аманшылық дегенді білдіреді.
Speaker B
Бірақ енді саулық деген сөз ол омоним сөз.
Speaker B
Мысалы, он саулығың болғанша, ақ жаулығың болсын деген мақалдағы саулық ол қойды білдіреді.
Speaker A
Иә.
Speaker B
Қойдың аналогы.
Speaker B
Сондықтан саулық деген сөздің өзін жеке дара қолданғаннан гөрі денсаулық тілеймін деп айтқан жақсы.
Speaker B
Содан кейін енді мына салауат, саламат деген сөзді шатастырады.
Speaker B
Сау-салауат болсын деп айтып қалғандарды кездестірдім.
Speaker B
Өйткені қазір қате қолданысты дәріптейтін телеарналар, журналистер, бағдарламалар.
Speaker B
Тіпті мынау үлкен қоғам қайраткерлері де көбейіп кетті.
Speaker B
Қате қолданыс деп отырғаным салауатты өмір салты.
Speaker B
Салауатты өмір салты деп айта береді.
Speaker B
Здоровый образ жизни дегенді.
Speaker A
Дұрыс емес па сонда?
Speaker B
Өте дұрыс емес.
Speaker B
Өйткені салауат деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген салауат деген.
Speaker B
Ол рақымшылық, амнистия, кешірім дегенді білдіреді.
Speaker B
Мысалы, сау-салауат емес, сау-саламат болыңыз деп айту керек.
Speaker B
Саламат деген аманшылық, денсаулық, тірі болушылық.
Speaker B
Жаңағы бүтін болушылық дегенді білдіреді.
Speaker B
Сондықтан салауат пен саламатты шатастырмау керек.
Speaker B
Енді тілек айту кезінде осындай түрлі-түрлі тілектер бар.
Speaker B
Мысалы, жас үлкен кісіге амандасқан кезде.
Speaker B
Немесе ол кісіге бір тілек айтқан кезде ол кісі сізге қайтара тілек айтады.
Speaker B
Өркенің өссін дейді.
Speaker B
Сол сияқты егер тіл үйренушілердің ішінде жас үлкен кісілер болса, мысалы, осындай тілектерді жаттап алған абзал.
Speaker B
Өркенің өссін, бағың жансын деп әдетте қыз балаларға айтады.
Speaker B
Бағың жансын, жолың болсын, маңдайың жарқырап жүрсін деген сияқты толып жатқан өзінен жас кішілерге арналған тілектер бар.
Speaker B
Тағы да бір осы көп кездесетін қате.
Speaker B
Мысалы, тіпті жазып қояды.
Speaker B
Асханаларға барсаңыз, асыңыз дәмді болсын деп жазып қояды.
Speaker B
Мүмкін қазір енді ол көп қолданысқа еніп, нормаға да айналып бара жатқан шығар.
Speaker B
Дегенмен қазақы ұлттық таным тұрғысынан.
Speaker B
Кез келген ас, кез келген ас ол дәмді ас.
Speaker B
Дәмсіз ас болмайды.
Speaker B
Сондықтан да ас болсын деп айту керек.
Speaker B
Кез келген, ал енді жеп отырған тамағың ас болмайды.
Speaker B
Кездерде бұлар.
Speaker B
Бойыңа сіңбейтін кездерде болады.
Speaker B
Бойыңа сіңсе де жақсы болмай, ондайда қазақ.
Speaker B
Жегені желкеніне шықты дейді.
Speaker B
Сондықтан сол жегенің желкеніне шықпау үшін.
Speaker B
Ас болсын деп айту керек.
Speaker B
Кез келген ас ол дәмді, дәмсіз деп бөлінбейді.
Speaker A
Рахмет сізге, Анархан.











