Жеті жарғы – қазақ хандығының заңдары мен мемлекеттілігін нығайтуға арналған тарихи құжат.
Key Takeaways
- Жеті жарғы қазақ мемлекеттілігінің құқықтық негізін қалаған.
- Заңдар халықтың бірлігі мен әділдігін қамтамасыз етеді.
- Орда биі мемлекеттік басқаруда маңызды рөл атқарады.
- Жеті жарғы сыртқы саясат пен бейбіт келісімдерді реттейді.
- Қазіргі Конституция жеті жарғының заңды мұрагері болып табылады.
What the video covers
- Жеті жарғы – қазақ хандығының заңдық жүйесін қалыптастырған тарихи құжат.
- Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Әз Тәукенің жеті жарғысы қазақ мемлекеттілігінің негізі болды.
- Күлтөбеде Әз Тәуке ханның басшылығымен кеңес өткізіліп, түрлі халықтардың өкілдері қатысып, заңдар бекітілді.
- Жеті жарғы сыртқы саясатты реттеп, көрші мемлекеттермен бейбіт қатынас орнатуды мақсат етті.
- Заңдар билік пен сот жүйесінің негіздерін бекітіп, ру мен тайпалардың бірлігін нығайтты.
- Орда биі – ханнан кейінгі ең жоғары билік иесі, мемлекеттік мәселелерді шешуге жауапты тұлға.
- Жеті жарғы қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары мен құқықтық нормаларын қамтиды.
- Бұл заңдар қазақ қоғамының бірлігін, әділдігін және мемлекеттілігін сақтау үшін маңызды болды.
- Жеті жарғы қазіргі Қазақстан Конституциясының тарихи негізі болып табылады.
- Жеті жарғының қағидалары қазақ халқының ұлттық санасын, құқықтық мәдениетін қалыптастырды.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Армысың адамзат, мен жер ана бәрне қуамын.
Speaker A
Уақыт көші тоқтамайды, бұл өмірде мәңгілік тұратын ешкімде, ештеңе де жоқ.
Speaker A
Табиғаттың осынау заңы баршаға орта.
Speaker A
Ата-бабамыз елі азат, жері тұтас, қуатты мемлекет құруды, жер ұйықта ғұмыр кешуді аңсады.
Speaker A
Мың өліп, мың тірілген бабаларымыз ғасырлар бойы ұлы дала заңымен өмір сүрді.
Speaker A
Уақыт өте мемлекеттің негізі қаланып, қазақ даласында Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы дүниеге келді.
Speaker A
Бұл заңдардың барлығы да бір тұтас қазақ халқының бұлжымас заңдары болып, сан ғасырлар бойы өмір сүрді.
Speaker B
Уа, халайық жарандар, сөзіме құлақ салыңдар.
Speaker B
Күлтөбе басында Әз Тәуке өз кеңесін өткізбек. Бұл кеңесте Бұхар ханы, Сұбханқұл ханмен Түркістан мен Ташкент маңындағы отырықшы халықтың өкілдері қатысады, келіссөз жүргізеді.
Speaker B
Сонымен бірге әр жүздің орда биін сайлау болмақ.
Speaker B
Бұл жиында қазақ елінің басты мәселелері қаралмақ.
Speaker B
Уа, жарандар, сөзіме құлақ салыңдар.
Speaker B
Жиналыңдар Күлтөбенің басына.
Speaker C
Уа, жамағат, бұл Күлтөбедегі кеңесте айтылатын сөздің арқауы.
Speaker C
Елдің тағдыры.
Speaker C
Болашаққа тон пішу жарғыларын реттеу.
Speaker C
Сыртқы елдермен бәтуаға келу.
Speaker C
Жаугершілікті реттеу.
Speaker C
Жазғы жайлымы мен қонысын ақылға салу.
Speaker C
Елдің ымырасын бекіту.
Speaker C
Бұған не дейсің, Сұбханқұл?
Speaker C
Айтар ойың бар ма?
Speaker D
Мен бұл қатал жаугершілік заманда өмір сүрудің, аман қалудың кепілі.
Speaker D
Аталас адамдардың бірлігі мен ынтымағы.
Speaker D
Ол үшін дініміз бір, бір аталас туыспыз деген елдер.
Speaker D
Бір мемлекетке келіп, ымыраласуымыз қажет деп білемін.
Speaker C
Уа, жамағат.
Speaker C
Батыстан қаһарын төккен Ресей.
Speaker C
Шығыстан амалдап, айлалап жол жыққан Қытай.
Speaker C
Олардың ортасында мұз темірге құрсанған, қару-жарағын оқтаған басқа да елдер.
Speaker C
Бүгінгі мәслихатта орда билері мен Түркістан, Ташкент өкілдері мен қазаққа одақтас қырғыз.
Speaker C
Қарақалпақ, Бұхара халықтарының басшыларымен келісімге, бітімге құрылған жеті жарғыны қара халыққа таныстырып, бекітілуін мәлімдейміз.
Speaker C
Бұл Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолын одан әрі жетілдіру.
Speaker C
Жаңа жарғысын қалыптастыру.
Speaker D
Дұрыс айтасыз.
Speaker D
Батыстағы Ресейге, шығыстағы Қытайға бәріне елші жіберіп, бейбіт бәтуаға келсек, сондай жақсы болар еді.
Speaker C
Бұл жеті жарғы да дініміз бен аталас, бауырлас, көрші қырғыз.
Speaker C
Қарақалпақ, ішкі-сырт, қожа, қатағандай одақтас елдердің өкілдерінің пікірі тыңдалған.
Speaker C
Кеңесте құпталған жеті жарғының мақсаты Бұхар хандығы мен көршілес елдермен ынтымағымызды арттырып.
Speaker C
Сауда-саттығы қатынасын нығайтуға, ұрылар арасындағы маңызды дау-шараларды ақылман билердің шешіміне.
Speaker C
Барлық ру тайпалардың ұрандары мен мал-мүлкіне арналған таңбалар берілуіне бітім жасайды.
Speaker C
Алталаштың тізгінін алты биге ұстатамын.
Speaker C
Ұлы жүзде үйсін Төле би.
Speaker C
Орта жүзде қаз дауысты Қазыбек.
Speaker C
Кіші жүзде алшын Әйтеке би.
Speaker C
Қырғызда қараша би.
Speaker C
Қарақалпақта сасық би.
Speaker C
Құрамада Мұхаммед би отырады.
Speaker C
Алыңдар таңбаларыңды.
Speaker E
Уа, халайық, жеті жарғының қағидаларымен таныс болыңыздар.
Speaker E
Бірінші жарғы: қазақ арасындағы билік, бітім сөзінің халықтың қатысуымен жария етілуін талап етеді.
Speaker E
Жасырын, жабық билік деген құбылыстар қазақтың туыстыққа негізделген қоғамдық болмысына жат.
Speaker E
Бидің айтқан шешімін кейінге қалдырмай, ел болып бірден іске асыруға тиіс.
Speaker E
Екінші жарғы бойынша екі жақ алдына келіп.
Speaker E
Бірдей жүгінгеннен кейін айтылған бітім сөзі заң болып табылады.
Speaker E
Би шешімін орындамаған адам ел ортасынан аласталады.
Speaker E
Не барымтаға түседі.
Speaker E
Мемлекет және билік қағидасы.
Speaker E
Рулы елдің билігі сол елдің ішінен шыққан көсемге тапсырылады.
Speaker E
Ол не өз қасиетімен, не аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді.
Speaker E
Ру биі рулы елге иелік жасайды.
Speaker E
Дау-шарға төрелік айтады.
Speaker E
Ағайынды бір-бірімен табыстырады.
Speaker E
Сол рулы елді өзге жерде қорғайды, намысын жыртады.
Speaker E
Жақсы би өз руын өрге сүйрейді, өз басбұзарын өзі жазалайды.
Speaker E
Орда биі тұтас жүздің басшысы, кемеңгер елбасының қызметі.
Speaker E
Би атағының ең биік деңгейі.
Speaker E
Орда биі жалпы халықтық мәселелерді шешуге, өзге елдермен қарым-қатынасына тікелей қатысады.
Speaker E
Орда биі мемлекеттік жарғының құрамына енеді, яғни сыртқы және ішкі саясатқа ықпал мол.
Speaker E
Ханды тежеуге немесе қамшылауға, не жауапқа тартуға хақылы.
Speaker E
Орда билері хандық биліктің осал кезінде ел татулығын.
Speaker E
Бірлігін ұстап тұруға жауапты.
Speaker E
Би керең білімділікпен қатар өзіне тартпайтын адам.
Speaker E
Ол турашыл, қара қылды қақ жарған, тура биде туған жоқ.
Speaker E
Туғанды биде иман жоқ.
Speaker E
Би өз өмірінде өз басына дау келтірмеуі шарт.
Speaker E
Елге күмән, күмәнді сөзге себеп бермеуі шарт.
Speaker E
Би басына дау келсе, билігі кетер басынан.
Speaker A
Қазақ хандығы да ұлы дала шежіресінің жарқын беттері.
Speaker A
Біз мың жылдықтар тоғысқанда жаңа мемлекет құрдық.
Speaker A
Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық.
Speaker A
Иә, ата заң бабалар аманаты.
Speaker A
Кешегі Қасымның қасқа жолы, Есімнің ескі жолы, Тәукенің жеті жарғысының жалғасы.
Speaker A
Заңды мұрагері біздің бүгінгі Конституция.
Speaker A
Нұрлы таңмен арайлап, байтақ еліміздің алтынмен апталған.
Speaker A
Ата заңы өмірге келді.
Speaker A
Ұлан байтақ жерінде бөтен ел аттамасын.
Speaker A
Ешқашан жау таптамасын.
Speaker A
Ие бол туған жеріңе.
Speaker A
Жер ана қызмет етеді бәріңе.
Topics:Жеті жарғыҚазақ хандығыӘз ТәукеҚасым ханЕсім ханҚазақ заңыОрда биіҚазақ мемлекеттілігіҚазақ тарихыҚазақ құқық жүйесі











