Speaker A
Құрметті тыңдармандар, бұл дұрыс сөйлейік бағдарламасы.
Бата беру – бұл рәсім, оның міндетті қимыл-ышараттары бар және оны тек ақсақалды, аузы дуалы, сыйлы ер адамдар береді. Ал тілекті кез келген адам айта алады, жасы үлкен болсын, кіші болсын, және оның арнайы қимыл-ышараты жоқ.
Бата беру кезінде алдымен екі қолды жинағандай етіп ұстап, содан кейін бетті сипап, «Әумин» деп айту керек. Бұл шарттар орындалмаса, ол бата болып саналмайды.
Батаның тілдік формасы үнемі бұйрық райдың үшінші жағында аяқталады. Мысалы, «болсын», «толсын», «келсін», «көрсін», «жетсін» сияқты формалар қолданылады.
Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.
Or transcribe another YouTube video here →