Фермерлерге арналған мобильді қосымша мал шаруашылығын цифрландыру арқылы тиімді басқаруға көмектеседі.
Ask about this video. Answers come from its transcript only — with the timestamp, so you can check them.
Generated from the transcript and can be wrong — check the timestamp.
Key Takeaways
- Цифрлық технологиялар фермерлердің жұмысын тиімді әрі ыңғайлы етеді.
- Мобильді қосымшалар малдың денсаулығын және жайылым жағдайын бақылауға көмектеседі.
- Фермерлер арасында ақпарат алмасу мен қолдау жүйесі қалыптасып келеді.
- Цифрландыру ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқарады.
- Отбасылық фермаларды дамыту мемлекеттік бағдарламада басты бағыт болып табылады.
What the video covers
- Мобильді қосымша фермерлерге малдың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
- Трекерлер арқылы малдың жайылымдағы орналасуы мен қозғалысы қадағаланады.
- Ферма модулі мал басы мен салмағын есептеуге және бақылауға арналған.
- Қосымшада мал азығы мен жем-шөптің құны туралы ақпарат бар.
- Жайылымның өсімдік қабатының сапасын бағалау үшін арнайы модуль бар.
- Қосымша фермерлердің өзара тәжірибе алмасуына арналған қауымдастық модулін қамтиды.
- Паспорт функциясы әрбір малдың толық мәліметін енгізуге мүмкіндік береді.
- Вакцинация мен ветеринариялық өңдеулердің уақытын күнтізбе еске салады.
- Цифрландыру фермерлердің жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті арттырады.
- Мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламада басымдыққа ие.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Технология кімдерге және қандай жағдайда қажет?
Speaker A
Гаджеттер, мобильді қосымшалар, смартфондар, мұның бәрі қолжетімді, демек технологиялардан тек қаласаңыз болғаны, кез келген электронды өнімді таба аласыз, солардың бірі жайлы бүгінгі хабарда айтамыз.
Speaker A
Шеті мен шегі жоқ кең дала, онда жайылып жүрген төрт түлік және қолында смартфоны бар фермер.
Speaker A
Елестетіп көріңіз, мал өсірумен айналысатындар әдеттегідей әрқашан жұмысбасты, сондықтан олар барлығына үлгеру үшін арнайы қосымшаның көмегіне жүгінеді.
Speaker A
Кейбіреулер онсыз бұрын қалай жұмыс істегенбіз деп таңғалады.
Speaker A
Шынында да,
Speaker A
бағдарлама
Speaker A
бұл кез келген жағдайда жануарларды қорғауға көмектеседі.
Speaker B
2019-дан бастап айналысып келемін.
Speaker B
Басында мал азырақ болған.
Speaker B
Қазір көп, мобильный қосымшаны өзіме жүктеп алдым.
Speaker B
Сонымен қарап отырамын малдарым қайда кетеді, қайда келеді.
Speaker B
На жерде жүрген сияқты.
Speaker B
Трекер берген.
Speaker B
Соны малға іліп қоямын басына.
Speaker B
Содан кейін қарап отырамын.
Speaker B
Мына трекерді жылқының мойнына іліп қоямыз.
Speaker B
Кешкісін жайылымға жібереміз.
Speaker B
Мобильный қосымшадан жаңағыны қарап отырамыз.
Speaker B
Уақытымен екі сағат сайын көрсетіп отырады.
Speaker B
Қайда жүргенін.
Speaker A
Трекердің қуаты екі жылға жетеді.
Speaker A
Содан кейін оны ауыстыру керек.
Speaker A
Төрт түлікті бақылау қосымшаның жалғыз функциясы емес.
Speaker A
Олардың саны әлдеқайда көп.
Speaker A
Мысалы, менің ферма модулі.
Speaker A
Шын мәнінде бұл шаруа қожалығының төлқұжаты.
Speaker A
Онда мал басына есеп жүргізіледі.
Speaker A
Фермер сонымен қатар модульге жануарлардың саны, салмағы бойынша өзгерістер енгізе алады.
Speaker A
Соның негізінде мал қажетті салмақты қаншалықты тез жинайтынын білуге болады.
Speaker C
Негізі фермерлер кездесетін проблемалар тұрақты негізде ақпарат жинаудың жедел деректері жоқ.
Speaker C
Яғни фермер бәрін миына сақтайды.
Speaker C
Бірақ сізде 200 сиыр болған кезде қайсысы қанша бұзау туғанын есте сақтау қиын.
Speaker C
Фермерлерде бұл жұмысты тапсыруға болатын ветеринарлар да, зоотехниктер де, бухгалтерлер де жоқ.
Speaker C
Олар бәрін өздері атқарады.
Speaker A
Қажетті жабдықты қайдан сатып алуға болады және малдың жем шөбі қанша тұрады?
Speaker A
Бұл сұрақтардың жауаптары да қосымшада бар.
Speaker A
Сондай-ақ ондағы маңызды бөлім.
Speaker A
Менің жерім деп аталады.
Speaker D
Аталмыш модуль малдарды азықтандыру үшін биомасса жеткілікті ме, жоқ па соны түсіну мақсатында жайылымның өсімдік қабатының сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Speaker D
Онда вегетациялық индекс, хлорофилл, азот сияқты көрсеткіштер қолданылады.
Speaker A
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 45%-ы мал шаруашылығына тиесілі.
Speaker A
Бірақ бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш 25%-дан әрең асты.
Speaker A
Сонымен қатар республикада ауыл шаруашылығы кәсіпорындары көбейіп келеді.
Speaker A
Соңғы жылдары жеті бағыттағы мал шаруашылығы саласында 850-ден астам жаңа шаруашылық
Speaker A
және 1000-нан астам сүт фермасы құрылды.
Speaker D
Ең маңыздысы қауымдастық модулі.
Speaker D
Шын мәнінде бұл форум немесе фермерлердің чаты.
Speaker D
Әрбір фермер өз шаруашылығындағы мәселелерді қалай шешкені туралы өз ақпараттарымен бөлісіп отырады.
Speaker D
Олар бір-біріне кеңес береді.
Speaker D
Осы қосымшаның көмегімен Қазақстанда алғаш рет цифрлық фермерлік қауымдастық қалыптастырамыз.
Speaker D
Осылайша фермерлер қай жерде орналасса да, олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына кедергі болмайды.
Speaker A
Паспорт функциясы ерекше назар аударуды қажет етеді.
Speaker A
Оған фермер әрбір сиыр, жылқы немесе қой туралы барлық мәліметті енгізеді.
Speaker A
Осылайша олардың өмірін бақылау оңайырақ.
Speaker A
Сондай-ақ қосымшаның көмегімен төрт түліктің денсаулығын біліп отыруға болады.
Speaker A
Вакцинаны уақытында алды ма, қандай екпелер жасау керек?
Speaker A
Осының бәрі маңызды.
Speaker C
Күнтізбе барлық ветеринариялық өңдеудің уақытын еске салып отырады.
Speaker C
Мұның бәрі фермерге көмектеседі.
Speaker C
Демек бағып отырған малдан көбірек табыс алуға мүмкіндік береді.
Speaker A
Әзірлеушілер алдағы уақытта фермерлер тарапынан қосымшаға деген сұраныс артады деп болжап отыр.
Speaker A
Өйткені мал басы 200-ге жететін ауыл шаруашылығына әсіресе отбасылық фермаларды дамыту
Speaker A
агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламасының басымдығы болып табылады.
Speaker A
Цифрландыру біздің өмірімізге белсенденіп келеді.
Speaker A
Ол тез дамуға мүмкіндік береді.
Speaker A
Ал сіздер әдеттегідей барлық жаңашылдықтар туралы цифрлық Қазақстан хабарынан біле аласыздар.
Topics:фермермал шаруашылығыцифрлық Қазақстанмобильді қосымшатехнологиятрекингферма модуліжайылымветеринарияагроөнеркәсіп











