Цифрлық технологиялар білім беру саласын қалай өзгертуде және шетелдік тәжірибелер арқылы IT мамандарын дайындау жолдары талқыланады.
Ask about this video. Answers come from its transcript only — with the timestamp, so you can check them.
Generated from the transcript and can be wrong — check the timestamp.
Key Takeaways
- Цифрлық технологиялар білім беру процесін тиімді әрі инновациялық етеді.
- Шетелдік тәжірибелер, әсіресе Белоруссияның үлгісі, IT мамандарын дайындауда маңызды рөл атқарады.
- Халықаралық жарыстар мен бәсекелестік студенттердің кәсіби деңгейін арттырады.
- Цифрлық зертханалар оқушыларға нақты тәжірибелік білім беруге мүмкіндік жасайды.
- Қазақстан IT саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті.
What the video covers
- Цифрлық технологиялар білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды.
- Белоруссиядағы жоғары оқу орындарында студенттерге бизнес инкубаторлар арқылы жобалар жасауға мүмкіндік беріледі.
- Жоғары технологиялар паркінде үздік жобалар өндіріске жіберіліп, түлектерге жұмыс орындары қамтамасыз етіледі.
- Студенттер халықаралық бағдарламалау жарыстарына қатысып, бәсекелестік пен дауы-дамай арқылы өз өнімдерін қорғайды.
- Белоруссиядағы жоғары технологиялар паркі мен IT мектебі болашақ мамандарды ерте кезеңнен дайындайды.
- Қазақстан IT саласында Ресейден озып, кейбір бағыттарда Америка мен Үндістанды артта қалдырды.
- Цифрлық зертхана мектепке дейінгі және орта білім беру деңгейінде химия, физика, биология пәндерінде қолданылады.
- Цифрлық зертхана арқылы оқушылар нақты өлшемдерді визуализациялап, эксперимент нәтижелерін өңдей алады.
- 2015 жылдан бері цифрлық зертхана Ресей мен шет мемлекеттерде сұранысқа ие.
- Цифрландыру білім беру саласында қарқынды жүргізіліп, жаңашылдықтар туралы 'Цифрлық Қазақстан' хабарынан көруге болады.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Цифрлық технологиялар білім беру саласында ақпараттық технологиялар нарығында біліктілігі жоғары мамандарды қалай дайындап шығаруға болады?
Speaker A
Бұл жайында шетелдік оқу орындарының тәжірибесі қандай?
Speaker A
Білім беру процесіне цифрлық технологиялар қалай көмектеседі?
Speaker A
Толығырақ сәлден кейін.
Speaker A
Цифрлық технологиялар заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Speaker A
Оның өмірімізге белсенді түрде еніп жатқаны соншалық, тіпті күнделікті тірлікте байқамай да қалып жатамыз.
Speaker A
Қазіргі таңда болашақ IT мамандарын көптеген жоғары оқу орны дайындап жатыр.
Speaker A
Онда студенттерге шығармашылық қиялына ерік беріп, түрлі жоба жасауына болады.
Speaker A
Мәселен, мұндай жағдай Белоруссиядағы жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.
Speaker B
У нас есть бизнес-инкубатор, который открыт для всех студентов.
Speaker A
Барлық студенттер үшін ашық бизнес инкубаторлар бар.
Speaker A
Студенттер алдымен өз идеяларын ойластырып, дамытады.
Speaker A
Содан кейін оны өмірге әкеледі.
Speaker A
Олардың барлығы осы бизнес инкубатор аумағында жүзеге асырылады.
Speaker A
Ары қарай ең жақсы жобалар өндіріске жіберіледі.
Speaker A
Өйткені жоғары технологиялар паркінде көптеген компания болады.
Speaker A
Олар пісіп жетілген жобаны таңдап алады.
Speaker A
Сондай-ақ бұл дегеніміз біздің түлектер үшін дайын жұмыс орны ғой.
Speaker A
Шындық қандай да бір дау-дамайдың арқасында пайда болады.
Speaker A
Жоғары сапалы сұранысқа ие IT өнімінің пайда болуы бұл бәсекелестік элементін қалыптастырады.
Speaker A
Мәселен, ақпараттық технологиялар сайысына қатысатын студенттер жүлделі орын алу үшін жан-жақты дайындалады.
Speaker A
Өз өнімін таныстырып, қорғау барысында дау-дамай да, бәсеке де орын алады.
Speaker B
Во время обучения студенты участвуют в международных соревнованиях по программированию.
Speaker A
Оқу барысында студенттер бағдарламалау бойынша халықаралық жарыстарға қатысады.
Speaker A
Онда жүзден астам команда болады.
Speaker A
Соның арасынан тек көшбасшылар шығады.
Speaker A
Бұл оңай емес әрине.
Speaker B
Вы все, наверное, слышали, что в Беларуси есть парк высоких технологий.
Speaker A
Өздеріңіз білетіндей, Белоруссияда жоғары технологиялар паркі бар.
Speaker A
Біздің университет түлектерінің барлығы сонда жұмыс істейді.
Speaker A
Сондай-ақ оқушыларды дайындайтын IT мектебі бар.
Speaker A
Осылайша өзімізге болашақ IT мамандығының студенттерін қазірден бастап дайындап жатырмыз.
Speaker A
Елімізде IT саласына көп көңіл бөлініп келеді.
Speaker A
Біз IT бойынша Ресейден де алдамыз.
Speaker A
Тіпті кейбір сала бойынша Америка мен Үндістанды да артқа тастадық.
Speaker A
Өздеріңіз білетіндей, болашағымыз тек IT-мен байланысты.
Speaker A
Бүгінгі таңда білім беру процесінде IT технологиялар ерекше рөл атқарады.
Speaker A
Алайда білім алушылар өз өмірін ақпараттық технологиямен байланыстырғысы келмеуі де мүмкін.
Speaker C
Цифровая лаборатория - это набор датчиков для проведения измерений.
Speaker A
Цифрлық зертхана бұл химия, физика, биология, экология және жаратылыстану ғылымының басқа да пәндері бойынша тәжірибе аясында өлшемдер жүргізу үшін қажетті датчиктер жиынтығы.
Speaker A
Оны мектепке дейінгі білім беру мекемелері, яғни балалар жаратылыстану пәндері аясында қоршаған ортаны танып, хабардар болған уақыттан қолдана бастайды.
Speaker A
Өйткені олардың қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасады.
Speaker A
Сондай-ақ физика, химия, биология сында пәндер қосылып, орта білім беру деңгейіне көшкен кезде тереңдете оқиды.
Speaker A
Цифрлық зертхана 2015 жылдан бастап шығарылып жатыр.
Speaker A
Өнім Ресей аумағын толық қамтып отыр.
Speaker A
Сонымен қатар алыс-жақын шет мемлекеттердің сұранысын қамтамасыз етіп келеді.
Speaker C
Преимущество очевидно.
Speaker C
Благодаря тому, что мы визуализируем то, что мы измеряем.
Speaker A
Цифрлық зертхананың ерекшелігі айқын.
Speaker A
Біздің өлшеген дүниелерді көзбен шамалай алатынымыздың арқасында барлық сырттан келушілердің осы немесе басқа әдісті үйренуі мүмкіндігі бар.
Speaker A
Сәйкесінше оқушылар ақпаратты тек көзбен ғана қабылдамайды, сондай-ақ нақты мәнді өлшеп, графикалық өзгерістерді байқайды.
Speaker A
Және эксперимент нәтижесінде олар есеп файлды алады, соның негізінде алынған нәтижелерді өңдеу және қажетті есептеулерді жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Speaker A
Цифрландыру барлық салада қарқынды жүргізіліп жатыр.
Speaker A
Әлбетте, білім беру процесінде айналып өткен жоқ.
Speaker A
Әдеттегідей барлық жаңашылдықтар туралы цифрлық Қазақстан хабарынан көре аласыздар.
Topics:цифрлық технологияларбілім беруIT мамандарбизнес инкубаторжоғары технологиялар паркіцифрлық зертханахалықаралық жарыстарҚазақстан ITинновацияоқыту технологиялары











