Иіс сезу нервінің құрылымы мен қызметі, төрт нейрондық жүйесі және ми бөліктерімен байланысы туралы толық түсінік.
Key Takeaways
- Иіс сезу нерві төрт нейроннан тұрады, олардың әрқайсысы нақты ми бөліктерінде орналасқан.
- Иіс сезу жүйесі сезімтал нерв ретінде иісті қабылдап, оны орталық жүйке жүйесіне жеткізеді.
- Иіс сезу жүйесі эмоциялар мен есте сақтаумен байланысты ми құрылымдарымен байланысады.
- Иіс сезу нервінің талшықтары әртүрлі бағыттармен жүріп, түрлі ми ядроларымен байланысады.
- Иіс сезу жүйесі шартсыз рефлекторлық қозғалыстарды басқаратын экстрапирамидті жолдармен байланысады.
What the video covers
- Иіс сезу нерві (nervi olfactorii) бас ми жүйкесінің бірінші жұп нерві болып табылады.
- Иіс сезу нерві үш бөлімнен тұрады: рецепторлық, өткізгіштік және орталық бөліктер.
- Иіс сезу жүйесінде төрт нейрон бар: биполярлы нейрон, митральды нейрон, иіс сезу үш бұрышындағы нейрон және ілмектегі нейрон.
- Биполярлы нейрондар мұрын шырышында орналасқан рецепторлармен байланысады және аксондары lamina cribrosa арқылы өтеді.
- Митральды нейрондар иіс сезу бұлтығында орналасып, бірінші нейронмен синапс құрады.
- Үшінші нейрон иіс сезу үш бұрышында орналасып, аксондары үш талшыққа бөлінеді: латеральды, аралық және медиальды талшықтар.
- Латеральды талшық ілмекке тікелей барады және бадамша тәрізді дене мен гипоталамусқа тармақ береді.
- Аралық талшық мөлдір қалқа арқылы ілмекке жетіп, емізгіш денеге және таламусқа бағытталады.
- Иіс сезу жүйесі эмоция, есте сақтау және шартсыз рефлекстерге жауап беретін орталықтармен тығыз байланыста.
- Видео иіс сезу нервінің анатомиясы мен физиологиясын түсіндіреді және білім алушыларға арналған.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Қайырлы күн, құрметті достар.
Speaker A
Бүгінгі біздің талқылайтын тақырыбымыз ол бас ми жүйкесінің бірінші жұп нерві, яғни иіс сезу нерві немесе иіс сезу анализаторлары.
Speaker A
Иіс сезу нерві латынша nervi olfactorii деп аталады.
Speaker A
Бұл қызметіне қарай сезімтал нерв болып келеді.
Speaker A
Яғни иіс сезу нервінде біз үш бөлімді, яғни үш бөлігін ажыратамыз: ол рецепторлық бөлігі, өткізгіштік бөлігі және орталық бөлігі.
Speaker A
Мына суретте көрсетілген заттарды атап кететін болсам, бұл жерде lamina cribrosa, яғни торлы сүйек көрсетілген.
Speaker A
Иіс сезу бұлтығы, иіс сезу жолы, иіс сезу үш бұрышы және corpus callosum, ми жүйке дене, thalamus, емізгіш дене, одан кейін бадамша тәрізді дене, ілмек және гипоталамус көрсетілген.
Speaker A
Бұл иіс сезу нервінде біз төрт нейронды ажыратамыз, яғни төрт нейроны болады.
Speaker A
Оның бірінші нейроны иіс сезу аймағында, яғни иіс сезу аймағында орналасқан, иіс сезу аймағы деп отырғанымыз, ол мұрынның шырышты, мұрынның жоғарғы жолының шырышты қабатында орналасқан аймақ.
Speaker A
Бұл жерде бірінші нейрон орналасқан, яғни бірінші нейронымыз ол биполярлы нейрон.
Speaker A
Екінші нейрон, екінші нейрон ол митральды нейрон деп аталып, ол иіс сезу бұлтығында орналасады.
Speaker A
Ал үшінші нейрон, үшінші нейрон ол иіс сезу үш бұрышында орналасқан.
Speaker A
Төртінші нейронымыз ол ілмекте орналасқан, яғни uncus-та орналасқан.
Speaker A
Бірінші нейронның, яғни биполярлы нейрондардың дендриттері рецепторлармен байланысқан.
Speaker A
Бұл рецепторлар мұрын шырышында орналасқан.
Speaker A
Ал бұның биполярлы нейрондардың аксондары lamina cribrosa-дан өтіп, яғни 15-20 fila olfactoria-ны құрап, иіс сезу бұлтығына кіреді.
Speaker A
Иіс сезу бұлтығында бізде жаңа атап кеткендей екінші нейрон орналасқан.
Speaker A
Екінші нейронның дендриттерімен бірінші нейронның аксондары синапс құрайды, яғни синапс.
Speaker A
Өз кезегінде екінші нейронның аксондары иіс сезу жолымен жүріп, иіс сезу үш бұрышына келіп, бұл жерде үшінші нейронның дендриттерімен синапс құрайды.
Speaker A
Ал үшінші нейрон, бұл жерде үш талшыққа, яғни үш талшыққа бөлінеді.
Speaker A
Ол талшықтары латеральды талшығы, аралық талшығы, одан кейін медиальды талшығы.
Speaker A
Бұның ең ішіндегі күштісі, яғни ересе, ол латеральды талшық.
Speaker A
Латеральды талшығы тікелей ілмекке барады.
Speaker A
Ол өз жолында кішігірім тармақтарды беріп кетеді, яғни ол тармақтары бізде бадамша тәрізді денеге, кейінгісі гипоталамусқа барады.
Speaker A
Яғни бадамша тәрізді денеде ол бізде иіс сезуді эмоциямен байланыстырады, ал гипокампта ол иіс сезу сақталады, яғни иіс сақталады.
Speaker A
Енді аралық талшығы, аралық талшығы ол бізде мөлдір қалқаға өтіп, мөлдір қалқадан күмбез арқылы ілмекке келеді.
Speaker A
Өз кезегінде ілмектегі нейронның аксондары күмбез арқылы емізгіш денеге барады.
Speaker A
Емізгіш денедегі ядроға барады, ол өз кезегінде таламусқа барады, яғни таламустың алдыңғы ядросымен ұласады.
Speaker A
Және орталық мидың жоғарғы төбешігіне барады.
Speaker A
Орталық мидың жоғарғы төбешігінде бізде экстрапирамидті жол, яғни латынша айтсақ, tractus tectospinalis басталады.
Speaker A
Бұл жол кенет күшті иісті, көрулік, естулік және тактильді тітіркендіргіштерге шартсыз рефлекторлық қимыл-қозғалыс ретінде жауап беріп отырады.
Speaker A
Ал бұл емізгіш ілмек, екі талшыққа, және таламус, таламус өз кезегінде таламустың алдыңғы ядросы өз кезегінде бұның аксондары таламустан шығып, орбита фронтальды қыртысқа барып, сол жермен байланысады.
Speaker A
Яғни иіс сезу нерві, қысқаша айтсақ, бізде төрт нейроннан тұрады.
Speaker A
Оның бірінші нейроны биполярлы нейрон, екіншісі иіс сезу бұлтығында орналасқан митральды нейрондар.
Speaker A
Үшіншісі иіс сезу үш бұрышында орналасқан нейрондар.
Speaker A
Ал төртіншісі ілмекте орналасқан нейрон.
Speaker A
Бүгінгі қысқаша тақырыбымыз осы.
Speaker A
Егер мәліметіміз ұнаса, каналымызға арнамызға жазылып кетіңіздер.
Topics:иіс сезу нервіnervi olfactoriiми жүйкесібиполярлы нейронмитральды нейрониіс сезу бұлтығыиіс сезу үш бұрышыілмекбадамша тәрізді денегипоталамус











