Лимфа жүйесі ағзалар мен тіндерде таралған лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, лимфа тамырлары бойындағы клапандардан және мойын венасына құятын ірі лимфа сабаулары мен түтіктерден құралған.
Лимфа сұйықтығы қанның құрамынан белоктардың аз болуымен, эритроцит, тромбоциттердің болмауымен және тағы да басқа белгілердің болмауымен ерекшеленіп тұрады. Оның түсі мөлдір, ересек адамдарда сарғыш, ал жаңа туған нәрестелерде ақ сүт түсті болады.
Лимфа жүйесі пластикалық, дренаждық (сору), резорбциялық (сіңіру), май алмасуға қатысу, иммундық және тосқауылдық (барьерлік) қызметтерді атқарады. Ол зат алмасу өнімдерін тасымалдайды, артық сұйықтықты сорып алады, қалдық заттарды қан айналымға қайтарады, майларды тасымалдайды және иммундық реакцияларға қатысады.
Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.
Or transcribe another YouTube video here →