Жануарлардың асқорыту жүйесі, жауын құрты мен сиырдың ас қорыту мүшелері туралы 8 сыныпқа арналған сабақ.
Key Takeaways
- Ас қорыту жүйесі жануарлардың энергия алу және құрылыс материалы ретінде қорек қабылдауын қамтамасыз етеді.
- Жауын құртының ас қорыту жүйесі қарапайым, бірақ топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
- Сиыр сияқты күйіс қайыратын жануарлардың қарны төрт бөлімнен тұрады және бактериялар өсімдікті қорытуға көмектеседі.
- Адамның ас қорыту жүйесінде ферменттер көмірсу, нәруыз және майларды ыдыратуға қатысады.
- Ас қорыту жүйесінің құрылымы мен қызметі жануар түріне байланысты ерекшеленеді.
What the video covers
- Ас қорыту жүйесінің маңызы мен негізгі қызметтері түсіндірілді.
- Қарапайымдылардың, мысалы амебаның ас қорыту процесі қарастырылды.
- Көп жасушалы жануарларда ас қорыту жолдары мен бездері туралы мәлімет берілді.
- Ас қорыту бездерінің қызметтері: сілекей безі, бауыр, ұйқы безі сипатталды.
- Адамның ас қорыту жолы мен ферменттерінің қызметі түсіндірілді.
- Жауын құртының ас қорыту жүйесі мен оның топырақтағы рөлі талданды.
- Күйіс қайыратын сүтқоректілердің, мысалы сиырдың қарнының құрылымы мен қызметі баяндалды.
- Жауын құрты мен сиырдың ас қорыту жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді.
- Ас қорыту жүйесінің экологиялық және биологиялық маңызына тоқталынды.
- Сабақтың соңында негізгі ұғымдар мен жүйелердің қайталануы болды.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker 1
Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар. Біз бүгін жануарлардың ас қорыту жүйесімен танысамыз.
Speaker 1
Ас қорыту дегеніміз не? Тамақтану дегеніміз? Бұл деген тірі ағзаларға тән қасиеттердің біреуі.
Speaker 1
Ағза асты қорытады, ағза қорегі алады, не үшін? Бірінші, ол энергия алу үшін, екінші, ол ас құрылыс материалы.
Speaker 1
Органикалық астың құрамындағы органикалық заттар ол құрылыс материалы болып табылады.
Speaker 1
Ас қорытуды есімізге түсірейік, бірінші амеба қарапайымдыларды есімізге түсірейік.
Speaker 1
Қарапайымдылардың өкілі амеба. Амебада жалған аяқтар бар.
Speaker 1
Ол өзінің қорегін, бактерияларды, балдырларды көрген кезде ол жалған аяғымен сол жерге жетеді.
Speaker 1
Жалған аяғымен ол қоректі қоршайды, қоректі қоршалған жерде ас қорыту вакуолі пайда болады, ас жасушаның ішінде қорытылады.
Speaker 1
Ал көп жасушалы жануарларда ас қалай қорытылады? Біріншіден, көп жасушалы жануарларда ас қанға сіңу үшін ол қоймалжың сұйықтық түрге айналу керек, ол қорытылу керек.
Speaker 1
Ол бірінші қорытылады, одан кейін барып сіңіріледі.
Speaker 1
Ас қорытуды біз ас қорыту мүшелерін бөлетін болсақ.
Speaker 1
Онда біз екі бөлімге бөлер едік.
Speaker 1
Бірінші ас қорыту жолы, екінші ас қорыту бездері.
Speaker 1
Ас қорыту жолында қандай үдерістер жүреді?
Speaker 1
Ас қорыту жолында ас қорытылады, тамақ қорытылады.
Speaker 1
Және осы ас қорыту жолы арқылы ішектің соңғы бөлігі арқылы сыртқа шығарылады.
Speaker 1
Ал ас қорыту бездерін есімізге түсірейік.
Speaker 1
Ас қорыту бездері бірінші сілекей безі.
Speaker 1
Сілекей безінің сұйықтығы, сөлі ол сілекей.
Speaker 1
Екінші, бауыр. Бауыр ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без.
Speaker 1
Оның салмағы білесіңдер ме, бір жарым килограмм.
Speaker 1
Ол бауырдың негізгі қызметі өт бөлу.
Speaker 1
Үшінші, ұйқы безі. Ұйқы безі ол аралас без.
Speaker 1
Сыртқы секреция қызметін, ішкі секреция қызметін атқаратын болғандықтан ол аралас без.
Speaker 1
Осы ұйқы безі панкреатин сөлін бөледі.
Speaker 1
Негізінде бізде ас қабылдаған кезде олар ыдырайды.
Speaker 1
Ыдырау адамда ауыз қуысынан басталады.
Speaker 1
Ең бірінші амилаза ферментінің әсерінен көмірсулар ыдырайды.
Speaker 1
Көмірсулар глюкозаға ыдырайды.
Speaker 1
Ал нәруыздар, балалар, қарындағы пепсин деген ферменттің әсерінен ол амин қышқылдарына ыдырайды.
Speaker 1
Ал май липазаның әсерінен май қышқылы және глицеринге дейін ыдырайды.
Speaker 1
Негізі адамның ас қорыту жолын есімізге түсірейікші.
Speaker 1
Бірінші ауыз қуысы, одан соң жұтқыншақ.
Speaker 1
Өңеш, өңештен кейін қарын, одан соң ішек.
Speaker 1
Аш ішек, тоқ ішек, тік ішек болып бөлінетінін білеміз.
Speaker 1
Ал енді осы ас қорытуды біз айтқан кезде ең бірінші біз жауын құртының ас қорыту мүшесімен танысайық.
Speaker 1
Бірінші жауын құрты дегеніміз не?
Speaker 1
Жауын құрты ол буылтық құрттар типінің аз қылтанды құрттар өкілі.
Speaker 1
Жауын құрты білесіңдер қайда өмір сүреді?
Speaker 1
Топырақта өмір сүреді.
Speaker 1
Ол топырақты құнарландырады, топырақты қопсытады, топырағы бар құрт, жауын құрты бар құрт топырақтың жақсы екендігін көрсетеді.
Speaker 1
Енді осы жауын құртқа қарайық, мына тақтадағы суретке қарайық.
Speaker 1
Бірінші жауын құртының ас қорытылу мүшесі ауыздан басталады.
Speaker 1
Ауыздан кейін жұтқыншаққа барады.
Speaker 1
Жұтқыншақтан кейін өңешке барады.
Speaker 1
Өңештен кейін жемсау болады.
Speaker 1
Ал сендер білесіңдер ме, балалар, жемсау негізінен осы ауызда сілекей безі болады.
Speaker 1
Жауын құртының ауызда сілекей безі болады.
Speaker 1
Сонда ең бірінші сілекей безі осы жауын құртында пайда болады.
Speaker 1
Одан кейін жұтқыншақ, өңеш, өңештен кейін жемсау.
Speaker 1
Жемсаудан кейін кәдімгі қатпарлы қарын болады.
Speaker 1
Ол өңеш пен қарын не істейді тамақта?
Speaker 1
Ол қоректің қорытылатын бетін, қорытылатын бетпен жанасуын үлкейтеді.
Speaker 1
Сондықтан ол қатпарлы болады.
Speaker 1
Қатпарлы қарыннан кейін ішек, ішектің соңғы бөлімі арқылы қорытылмаған қалдық сыртқа шығып кетеді.
Speaker 1
Енді жауын құрт немен қоректенеді?
Speaker 1
Жауын құрт топырақтың арасындағы органикалық заттармен қоректенеді.
Speaker 1
Ауызда бағана сілекей безі бар дедім.
Speaker 1
Осы ауыздағы сілекей безі әк тәрізді заттарды бөледі.
Speaker 1
Әк тәрізді заттар не істейді?
Speaker 1
Ол шіріген жапырақтың қышқылдығын азайтады, балалар.
Speaker 1
Міне, сілекей безінің қызметі сонда.
Speaker 1
Одан кейін жұтқыншақ, өңеш ары қарай тамақ ары қарай кетеді.
Speaker 1
Міне, бұл жауын құртының ас қорыту жүйесі.
Speaker 1
Жауын құрты топырақтың арасындағы шіріген органикалық заттармен қоректенеді.
Speaker 1
Сендер егер де мұқият бақыласаңдар, кейбір кезде жауын құрты жүрген жерлерде домалақ-домалақ топырақтарды көреміз.
Speaker 1
Ол домалақ-домалақ топырақтар дегеніміз не?
Speaker 1
Ол ауыз қуысынан топырақты алып, оның ішіндегі органикалық заттарды өзіне қорегіне жаратып, ол артқы ішек арқылы.
Speaker 1
Жауын құртының сыртынан артқы ішек арқылы шыққан топырақ.
Speaker 1
Сондықтан олар домалақ-домалақ болып тұратыны сондықтан.
Speaker 1
Бұл жауын құрты тағы да айтамын, бұл өте пайдалы құрт.
Speaker 1
Себебі топырақты қопсытады, оны кеуек етеді, егер де қопсытылған топырақта, кеуек топырақта оттегі көп болады.
Speaker 1
Ал оттегі ол өсімдік үшін өте қажет дүние.
Speaker 1
Енді мына алдарыңда тұрған не деп ойлайсыңдар?
Speaker 1
Бұл сүтқоректілердің қарны.
Speaker 1
Сүтқоректілердің ішінде біз күйіс қайыратын ағзалардың ас қорытуымен танысайық.
Speaker 1
Күйіс қайыратын ағзалардың ас қорытуы мысал ретінде мынау салынған тұрған ол сиырдың қарны.
Speaker 1
Сонда сиырдың ас қорытуы қай жерден басталады?
Speaker 1
Әрине, ауыздан басталады.
Speaker 1
Ауыз, жұтқыншақ, өңеш.
Speaker 1
Өңештен кейін қарын болады.
Speaker 1
Қарны күйіс қайыратын малдардың қарны ол төрт бөлімнен тұрады.
Speaker 1
Ең үлкен қарын мес қарын дейді.
Speaker 1
Міне, мынау тұр, көріп тұрсыңдар.
Speaker 1
Одан кейінгі қарынды жұмыршақ дейді.
Speaker 1
Міне, екінші қарын.
Speaker 1
Жұмыршақтан кейін қатпаршақ қарын.
Speaker 1
Қатпаршақ қарын деп неге айтады?
Speaker 1
Ол мынау кітаптың беті сияқты қатпар-қатпар-қатпардан тұрады.
Speaker 1
Сондықтан қатпаршақ қарын дейді.
Speaker 1
Одан соң ұлтабар.
Speaker 1
Сиыр жайылымда жайылып жүр.
Speaker 1
Ол өзінің үлкен қарнын өзі қоректеніп шөппен толтырады.
Speaker 1
Сол кезде үлкен қарындағы бактериялар мен қарапайымдылар оны қорытуға қатысады.
Speaker 1
Ал адамның ас қорытуын есімізге түсірейікші.
Speaker 1
Бізде бактериялар қай бөлімге, біздің ас қорыту мүшелеріміздің қай бөлімде тіршілік етеді?
Speaker 1
Дұрыс, тоқ ішекте тіршілік етеді.
Speaker 1
Ал бұларда үлкен қарында, жұмыршақта, қатпаршақ қарында осындай бактериялар бар.
Speaker 1
Ол өсімдіктің құрамындағы жасунықты қорытуға қатысады.
Speaker 1
А жасунық дегеніміз ол целлюлоза.
Speaker 1
Сонда үлкен қарынға барады, үлкен қарын толады.
Speaker 1
Ол жерде бактериялар өзінің жұмысын жасайды.
Speaker 1
Қайтадан сиырдың ауызына осы үлкен қарындағы астың бір мөлшері жетеді.
Speaker 1
Сол кезде сиыр қайтадан шайнайды.
Speaker 1
Ол күйіс қайырады.
Speaker 1
Ол қайтадан жұтқан кезде өңеш арқылы үлкен қарынға баруы мүмкін.
Speaker 1
Немесе жұмыршақ қарынға баруы мүмкін.
Speaker 1
Біз енді бұл жерде жұмыршақ қарынға түстік.
Speaker 1
Жұмыршақ қарында ары қарай қорытылады, одан кейін ол қорек қатпаршақ қарынға барады.
Speaker 1
Қатпаршақ қарында ары қарай қорытылып, ол жартылай қанға сіңе бастайды.
Speaker 1
Одан соң ұлтабарға барады.
Speaker 1
Ұлтабар дегенімізді тағы да есімізге түсірейік.
Speaker 1
Ұлтабар дегеніміз аш ішектің бірінші бөлімін ұлтабар деп атайды.
Speaker 1
Осы ұлтабарға барып ары қарай қорытылады.
Speaker 1
Міне, балалар.
Speaker 1
Сонда біз екі жануардың, жауын құртының және сиыр жануардың мысалында біз ас қорытуда сендермен талдадық.
Speaker 1
Негізінен, сонымен ұлтабар дегеніміз сонымен не болды?
Speaker 1
Аш ішектің бірінші бөлімі болды.
Speaker 1
Күйіс қайыратын малдардың жануарлардың қарны қанша бөлімнен тұратын болды?
Speaker 1
Төрт бөлімнен.
Speaker 1
Бірінші үлкен қарын.
Speaker 1
Екінші жұмыршақ.
Speaker 1
Үшінші қатпаршақ қарын.
Speaker 1
Төртінші ұлтабар.
Speaker 1
Ал күйіс қайырмайтын малдардың жануарлардың қарны бірақ бөлімнен тұрады.
Speaker 1
Біз адамда қарын бірақ бөлімнен тұрады.
Speaker 1
Осыны біз ұмытпайық.
Speaker 1
Сонда ең бірінші сілекей безі қайда пайда болды?
Speaker 1
Жауын құртында пайда болды.
Speaker 1
Осы жауын құртындағы сілекей ол адамда да бар, сиырда да бар, сілекей безі бізде сілекей бөледі.
Speaker 1
Ал сілекейдің құрамындағы амилаза ферменті көмірсуды қорытуға қатысады.
Speaker 1
Ал пепсин нәруызды қорытады.
Speaker 1
Міне, балалар, біз осы екі жануардың мысалында бүгін ас қорыту мүшелерімен таныстық.
Speaker 1
Ас қорыту жүйесімен таныстық.
Speaker 1
Сабақ сендерге түсінікті деп ойлаймын.
Speaker 1
Келесі сабаққа шейін сау болыңдар.
Topics:асқорыту жүйесіжануарларжауын құртысиыркүйіс қайыратын малдарферменттерсілекей безібауырұйқы безі8 сынып биология











