Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты жөнінде не білесің?
Speaker A
Қағанат қалай құрылды?
Speaker A
Мемлекет билеушілері тәуелсіздікке қалай жетті?
Speaker A
Шығыс Түрік қағанатының дамуына үлес қосқан билеушілер туралы не айтасың?
Speaker A
Бұл мемлекеттің соңы қалай болды?
Speaker A
Жоғарыда айтылған сұрақтарға жауап іздейік.
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты жөнінде не білесің?
Speaker A
Қағанат қалай құрылды?
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте орта ғасырлық мемлекет.
Speaker A
Қағанат екіге бөлінген уақытта Шығыс Түрік қағанатының еліктерін Шиби қаған басқарды.
Speaker A
Бұл кезең Қытайдағы дағдарыспен тұспа-тұс келген еді.
Speaker A
Мемлекет әскери жағынан мықты болғанымен, елдің шаруашылық-әлеуметтік жағдайы нашарлады.
Speaker A
Шибидің орнына келген Ел қаған 620-629 жылдары шет аймақтарға толассыз басқыншылық жорықтарын жасады.
Speaker A
Ұзаққа созылған жорықтан халықтың жағдайы тіпті әлсіреп, нәтижесінде 630 жылы
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты Қытайға бағыныштылықты мойындады.
Speaker A
Мемлекет билеушілері тәуелсіздікке қалай жетті?
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен жүргізген соғыстың нәтижесінде 682 жылы
Speaker A
Моңғолиядағы Орхон өзені бойындағы Өтүкен жерінде өз мемлекетін қалпына келтіріп,
Speaker A
Орда-Балық қаласын өз орталығы етті.
Speaker A
Алғашқы қағаны Құтлықты Елтеріс деген лауазыммен таққа отырғызды.
Speaker A
693 жылы Білге Құтлық қайтыс болып, таққа інісі Қапаған қаған отырды.
Speaker A
Қапаған қаған Таң патшалығының шекаралық аймағына шабуыл жасап, қолбасшысы
Speaker A
Тоныкөкті Батыс Түріктерге қарсы жорыққа аттандырды.
Speaker A
Тоныкөк жазба ескерткішінде айтылғандай, Шығыс Түріктер Табғаштармен 17 рет,
Speaker A
Қидандармен 7 рет, Оғыздармен 5 рет соғысып, ел іргесін
Speaker A
Ханғай жоталарынан Темір қақпаға дейін кеңейтті.
Speaker A
Бұл қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды.
Speaker A
Шығыс Түрік қағанатының дамуына үлес қосқан билеушілер туралы не айтасың?
Speaker A
Қапаған қағаннан кейін билікке Білге қаған мен
Speaker A
оның інісі Күлтегін келді.
Speaker A
Бұл Шығыс Түрік қағанатының кемеліне жетіп, дамыған кезеңі саналады.
Speaker A
721-723 жылдардағы соғыста Қытайды жеңген Білге қағанға Қытайлар
Speaker A
көп мөлшерде жібек тарту етті.
Speaker A
Дегенмен Білге қаған ел басқарған кезде Түріктердің жауы көп болды.
Speaker A
Соған қарамастан ол 724 жылы Қытайлармен сауда қатынасын ретке келтірді.
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты мемлекет ретінде 30 жылдан аса ынтымақ, бірлікте өмір сүрді.
Speaker A
Бұл мемлекеттің соңы қалай болды?
Speaker A
Бұл ынтымақтастық ұзаққа созылмады.
Speaker A
Себебі Шығыс Түрік қағанаты көптеген тайпаны күшпен біріктірген құрама мемлекет болатын.
Speaker A
Әр тайпа реті келген сәтте орталық билікке қарсы бүлік шығарып отырды.
Speaker A
Ақыры 745 жылы бас көтерген ұйғырлар Шығыс Түрік қағандығын біржолата талқандады.
Speaker A
Шығыс Түрік қағанаты Түрік халықтары тарихында мемлекет құру, азаттық үшін күрестің үлгісімен ерте орта ғасырлық жазба мәдениетінің
Speaker A
баға жетпейтін ескерткішін мұра етті.
Speaker A
Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Түрік жұртының мұраты
Speaker A
мәңгілік ел деп өсиет қалдырған.











