Ask about this video. Answers come from its transcript only — with the timestamp, so you can check them.
Generated from the transcript and can be wrong — check the timestamp.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Баршаңызға сәлем, сіздермен мен Мақсат Мұхтаролла, бүгінгі видеода біз лимфа жүйесінің анатомиясына шолу жасайтын боламыз.
Speaker A
Олай болса, видео басталмай тұрып, каналға тіркеліп, лайк басып, каналдың дамуына өз үлесіңізді қоса кетіңіз.
Speaker A
Әрімен қарай жалғастырамыз, ең бірінші лимфа жүйесі не екенін түсіндіріп өтейін.
Speaker A
Лимфа жүйесі жалпы ағзадағы дренаждық қызметті атқарады, сонымен бірге сұйықтық алмасуында да, иммундық жүйеде де өзіндік орны бар жүйе болып табылады.
Speaker A
Дәл осы лимфа жүйесі латынша атауы система лимфатикум деп аталады, лимфа жүйесіне лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және де лимфа ағзалары кіреді.
Speaker A
Дәл осы лимфа тамырларынан бастап тоқталатын болсақ, ең негізгі лимфа жүйесінің бастауы лимфа капиллярларынан басталады.
Speaker A
Яғни, дәл осы капиллярлар біздің ағзамызда шеткі ұлпалардан, жалпы терідең, басқа да өзге де жасушалардан біздегі тұйықталып басталады.
Speaker A
Және осы арқылы лимфа капиллярлары әрімен қарай қосылып лимфа түтіктерді түзеді екен.
Speaker A
Яғни, осы лимфа тамырлары үлкен-үлкен біріге отырып, әрімен қарай біздегі лимфа түтіктерге бірігеді екен.
Speaker A
Одан кейінгі дәл осы лимфа түтіктері адам ағзасында жалпы екі ең үлкен лимфа түтігі бар, ол біздегі кеуде түтігі, яғни дуктус торацикус.
Speaker A
Және екіншісі біздегі оң жақ лимфа түтігі, яғни дуктус лимфатикус декстер деп аталады.
Speaker A
Дәл осы оң жақ лимфа түтігі біздегі кеуде түтігіне құйылады, әрімен қарай кеуде түтігі веналық бұрышқа құйылады.
Speaker A
Яғни, ол біздегі осы мойындырық вена және сонымен бірге бұғана асты венасы бар, вена субклявия екеуінің біріккен бұрышына құйылады.
Speaker A
Осы арқылы қан айналымға қосылады екен.
Speaker A
Келесі біздегі лимфа түйіндері, лимфа түйіндері біздің ағзамыздағы негізгі қызметі.
Speaker A
Бұл лимфоцит жасушаларының түзілуінде маңызды рөл атқарады, сонымен бірге дәл осы ағып келген лимфа капиллярлары мен тамырлары.
Speaker A
Әрімен қарай біздегі лимфа түйіндерінде орналасады, былайша айтқанда лимфа тамырлары болады.
Speaker A
Дәл осы мына лимфа тамырлары бізде келетін болса, осы жерде мына жерде лимфа түйіні бар, әрімен қарай бізде осылай мынаның ішінде сүзгілеуден өткізіледі.
Speaker A
Тазартылады, ішінде бөгде зат, ағзаға түскен бөгде заттың барлығы.
Speaker A
Васаном біздегі осы, яғни лимфа түйінінің ішінде залалсыздандырылады.
Speaker A
Одан кейін біздегі осы лимфа түйіндерінің орналасу аймағына келетін болсақ, ең негізгісі ол біздегі мойын аймағында.
Speaker A
Және сонымен бірге иек асты және жақ асты аймағында орналасады.
Speaker A
Одан төменге қарай түсетін болсақ, біздегі іш қуысында.
Speaker A
Яғни, шажырқаларда, жалпы осы ас қорыту жүйесіне келген залалсыздандыру қызметінде осы лимфа түйіндері маңызды рөлді атқарады екен.
Speaker A
Одан кейінгі шап аймағында және де тізенің артқы аймақтарында біздегі лимфа түйіндері орналасады екен.
Speaker A
Келесі біздегі лимфа ағзалары.
Speaker A
Лимфа ағзалары негізінен көкбауыр, жілік майы, тимус және бадамшалар.
Speaker A
Көкбауыр негізгі ағзадағы сол жақ қабырға асты аймағында орналасады және дәл осы лимфа жүйесінің жасушалары.
Speaker A
Яғни, лимфоциттердің өндірілуі мен олардың жаңағыдай өлгеннен кейінгі процестерінде маңызды рөлді атқаратын болып табылады.
Speaker A
Одан кейінгі біздегі жілік майы, жілік майында лимфоциттердің түзілу бастамалары басталады.
Speaker A
Бағаналы жасушалардан лимфоцитарлық жол арқылы одан әрімен қарай біздегі дәл осы лимфоцит жасушалары.
Speaker A
Әрімен қарай тимус безіне келу арқылы толық жетіліп, лимфа түйіндері арқылы толық жетіліп.
Speaker A
Лимфоцит жасушалары пайда болады екен.
Speaker A
Келесі біздегі бадамшалар, дәл осы лимфа жүйесіндегі дренаж қызметінде маңызды рөлді атқарады.
Speaker A
Яғни, жаңағы айтып жатқан тағы бір айтылмаған нәрсе ол бізге лимфоциттер.
Speaker A
Яғни, лимфоциттер бұлар біздегі негізгі осы лимфа жүйесінің жасушалары болып табылады.
Speaker A
Яғни, лимфоциттер екі түрі бар, Б және Т лимфоциттер.
Speaker A
Дәл осы Б және Т лимфоциттер негізінен антиденені түзуге және де Т лимфоциттер оларды.
Speaker A
Жалпы бөгде заттарды жоюда маңызды рөлді атқарады екен.
Speaker A
Т лимфоциттердің өзінің Т киллер, Т хелпер және Т супрессор деген түрлері бар екенін айта кетейін.
Speaker A
Осымен біздің лимфа жүйесі бойынша видеомыз аяқталды.
Speaker A
Видео ұнаған болса, лайк басып, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.
Speaker A
Тағы да каналға кірсеңіз, біздегі лимфа жүйесі бойынша жалпы басқа да жүйелер бойынша анатомия бойынша керемет-керемет видеолар бар.
Speaker A
Мен сіздерді сол жерде күтетін боламын.











