Бұл видео армандарға сеніп, ешқашан берілмеу туралы қазақша мотивация береді.
Key Takeaways
- Армандар өмірге бағыт береді және олар міндетті түрде орындалады.
- Армандау – рух пен жігердің қайнар көзі.
- Өмірде мақсатсыз жүру – уақытты босқа өткізу.
- Өз арманыңды қорғап, оған сеніп, әрекет ету керек.
- Ешқашан берілмеу – табыс пен бақыттың негізгі құпиясы.
What the video covers
- Армандар адамға шабыт беріп, өмірге мән мен мақсат қосады.
- Армандар орындалады, егер сен оларға шын жүректен сеніп, әрекет етсең.
- Армансыз адам өмірде бағытсыз, мақсатсыз болады.
- Өмірдің басты заңдылықтарын ескеру маңызды, армандау – солардың бірі.
- Армандар адамды жігерлендіріп, қуат береді, бақытқа жетелейді.
- Өмірде өз арманыңды орындау үшін саналы түрде әрекет ету керек.
- Өз арманыңды ешкімге қарамай, өз қалауың бойынша таңда.
- Уақытты босқа өткізбе, арманыңды есіңе алып, оған жетуге ұмтыл.
- Армандарды күлкіге айналдырғандар емес, армандарын іске асырғандар әлемді өзгертті.
- Қазір армандау мен әрекет ету уақыты, ешқашан берілме.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker 1
Тыңдашы, досым, сенің бір нәрсе сұрағым келеді.
Speaker 1
Біз осы неге өмірдің басты заңдылықтарын ескермей жатамыз?
Speaker 1
Олар маңызды емес пе?
Speaker 1
Қазір айтатыным сен үшін ең құнды, ең қажетті дүниелер деп біл.
Speaker 1
Сондықтан менің айтқандарыма мұқият назар сал.
Speaker 1
Мен сенен мына нәрселерді сұрағым келеді.
Speaker 1
Жалпы сенің арманың бар ма?
Speaker 1
Жоқ па?
Speaker 1
Онда арманда.
Speaker 1
Бейне бір бала жүрегіндей пәк, таза кейіпте арманда.
Speaker 1
Дәл осы сәтке дейін бұл сөзді саған ешкім айтпағандай құштарлықпен арманда.
Speaker 1
Армандар орындалмайды деген өтірік сөз.
Speaker 1
Рас айтам, сенің армандарың міндетті түрде орындалады.
Speaker 1
Әрине, сенің арманың бар болса, егер сен оған шын жүрекпен сенетін болсаң және арманыңа қарай қандайда бір қадам басып әрекет етсең.
Speaker 1
Арманда, армандар адамға шабыт береді.
Speaker 1
Армандар адамды жігерлендіреді, әрекет жасауға құштар етеді.
Speaker 1
Армандар сені төсектен тұрғызады, бойыңа қуат береді.
Speaker 1
Армандар сені бақытты етеді, себебі сен жаман нәрселерді армандамайсың ғой.
Speaker 1
Армандар саған рух сыйлайды.
Speaker 1
Арманда, арман сенің бақыт жолың.
Speaker 1
Арманыңа қарай жетем деп әр басқан қадамың ол сенің мақсатың.
Speaker 1
Ал мақсат ол нақтылық.
Speaker 1
Ол сені бақытты етеді, үнемі жол сілтейді.
Speaker 1
Армансыз сен соқырсың.
Speaker 1
Иә, қайда барарыңды білмейсің.
Speaker 1
Флюгер сияқты жел қалай соқса солай бір орында айналасында тұрасың.
Speaker 1
Ал сен арманыңа қарай мақсат қойып жай ғана желе емес, бір қасың дауылдарға қарсы тұратын.
Speaker 1
Ағындарға қарсы жүретін, айсбергтердей алып мұздарды жарып өтетін биік желкенді кеме сияқты бол.
Speaker 1
Арманда, саналы түрде толық өмір сүр.
Speaker 1
Арманда, тек армандар ғана біздің өмірімізге мән береді.
Speaker 1
Өзің де, өмірің де мағынасыз болмасын, өтінемін, өмір сүр.
Speaker 1
Өзгелердің арманға жеткенін көре алмайтын, тек ауыздан қызықтап жүретін әлсіз болма.
Speaker 1
Олар саған қызықсын.
Speaker 1
Біз бұл өмірге жалданып жұмыс істеуге келген жоқпыз.
Speaker 1
Сен де бұл өмірге күннің шыққанын мен батқанын көру үшін ғана келген жоқсың ғой.
Speaker 1
Біз армандау үшін, ол арманды орындау үшін, оған жету үшін келдік.
Speaker 1
Арманда, ешкімге қарама.
Speaker 1
Өз қалауың бойынша арманда.
Speaker 1
Ешкім сені адастырмасын, жасытпасын.
Speaker 1
Арманың кішкентай ма?
Speaker 1
Мейлі, ол кішкентай болса да сенің арманың.
Speaker 1
Оны іске асыр.
Speaker 1
Тағы да арманда, өзің үшін мәнді, мағыналы ет.
Speaker 1
Арманда, арманнан арманға, арманнан арманға бұл өмірде, осы өмірде арманыңды іске асыр.
Speaker 1
Арманда, өтінемін.
Speaker 1
Әйтпесе сенің орныңа өзгелер армандайды.
Speaker 1
Ол кезде сен өзіңнің емес, өзгемнің арманшылардың өмірін сүресің.
Speaker 1
Өзіңнің емес, өзгемнің арманын орындайсың.
Speaker 1
Сен соны қалайсың ба?
Speaker 1
Сол үшін тудың ба?
Speaker 1
Сол үшін өмір сүріп жатсың ба?
Speaker 1
Кішкентай кезіңде ата-анаң мәпелеу сүйген кезде олар саған сенген еді.
Speaker 1
Сенің үлкен болашақ күткен.
Speaker 1
Қолынан дым келмейтін бос белбеу, армансыз әлсіз адам болар деп ойлаған да жоқ.
Speaker 1
Сен де сондай өмірді армандаған жоқсың.
Speaker 1
Солай ма?
Speaker 1
Тыңдашы, досым, асықпа, тоқташы.
Speaker 1
Армансыз бәрібір ештеңеге үлгере алмайсың.
Speaker 1
Арманың болмаса сен қайда, не үшін жүгіру керегін де білмейсің.
Speaker 1
Уақытыңды текке құртпа.
Speaker 1
Уақытыңды бос өткізіп мүлде құртпа.
Speaker 1
Ол сенің ең қымбат қазынаң.
Speaker 1
Мен уақытты өлтіру дегенді мүлде түсінбеймін.
Speaker 1
Тоқташы, есіңе алшы, мейлі бала кезің болсын, әйтеуір бір кезде әлденені армандадың ғой.
Speaker 1
Соны есіңе ал.
Speaker 1
Сен бала кезіңде бір рет болсын азамат болып өсетініңді армандадың.
Speaker 1
Жетістікке жететініңді, қоғамға маңызды адам боларыңды, тіпті атақты ғалым немесе керемет суретші, дәрігер, танымал спортшы, ол аз десең ғарышкер болуды да армандадың.
Speaker 1
Солай ғой.
Speaker 1
Бүкіл әлемді аралап, көптеген жаңалықтар ашып, әлем таңданарлық шедевр жасауды.
Speaker 1
Ақыр соңында өзің туралы керемет естеліктер қалдыруды да армандадың ғой.
Speaker 1
Немесе арманыңды білмесең де бақытты боларыңа сендің.
Speaker 1
Бірақ неге екені белгісіз барлығын ұмытып тастадың.
Speaker 1
Ешқайсысы орындалмаған.
Speaker 1
Неге?
Speaker 1
Бұл әлемді арманшылдар өзгертті.
Speaker 1
Арманының орындаларына ешкім сенбеген ессіздер жасады.
Speaker 1
Олар арманын айтқанда жұрт күлген еді.
Speaker 1
Есің дұрыс па, бұл мүмкін емес.
Speaker 1
Дұрыс нәрсе ойла, дұрыс нәрсені арманда деп оны келеке еткен еді.
Speaker 1
Біз таңдайы қаққан ұлылықтың барлығы, ғажайыптардың бәрі, тіпті бәріміз жасайтын селфидің өзі кезінде біреудің арманы болатын.
Speaker 1
Біреулердің ақылға қонымсыз қиялы болатын.
Speaker 1
Ал біреулердің үздіксіз еңбегі, біреулердің сенімі еді.
Speaker 1
Досым, арманда.
Speaker 1
Дәл қазір қайда болсаң да, мейлі кім болсаң да арманыңды іске асыруға әлі де кеш емес.
Speaker 1
Ойлашы, егер сен өмірге келмесең қазір не істер едің?
Speaker 1
Не істейді?
Speaker 1
Ештеңе.
Speaker 1
Бірақ сен өмірге келдің.
Speaker 1
Сен барсың.
Speaker 1
Сен тірісің.
Speaker 1
Ендеше арманыңа жет.
Speaker 1
Арманыңды әлі білмейсің бе?
Speaker 1
Онда өзіңнен сұра.
Speaker 1
Сен шынымен нені қалайсың?
Speaker 1
Кім болғың келеді?
Speaker 1
Қайда барғың келеді?
Speaker 1
18 мың ғалам таңғажайып жаратылыспен жасалып, мінсіз жүйе орныққан мына әлемде оның бір түйірі болған сен неге армандамайсың?
Speaker 1
Сонда сен осынау ғажайып әлемнің бар мен жоғын белгісіз болып, ешкімге еліусіз күйде көптің бірі болып кете бермексің бе?
Speaker 1
Адам баласы әлемді тануға, жасауға жаралған.
Speaker 1
Ол ештеңе қаламай, ештеңеге талпынбай тұруы мүмкін емес.
Speaker 1
Бұл жаратылысқа қарсылық.
Speaker 1
Түсінесің бе?
Speaker 1
Қазір арманыңа аяқ басудың дәл уақыты.
Speaker 1
Кеше емес, ертең емес, дүйсенбі емес, айдың бірі немесе жаңа жыл да емес, дәл қазір.
Speaker 1
Дәл қазір арманда.
Speaker 1
Арманың үлкен болсын, не кішкентай болсын.
Speaker 1
Армандар бәрібір тең.
Speaker 1
Екеуі де арманда.
Speaker 1
Дәл қазіргі өміріңнің ойларыңды өшір де, өзіңе ұнайтындай жаңадан қиялда.
Speaker 1
Жоспар құр.
Speaker 1
Жаз.
Speaker 1
Арманда.
Speaker 1
Өзіңе, арманыңа сен, адамдарға, айналаға сен.
Speaker 1
Істе.
Speaker 1
Ешқашан берілме.
Speaker 1
Ешқашан.
Speaker 1
Естисің бе, ешқашан берілме.
Speaker 1
Өз арманыңды болмашы жалқаулыққа сатпа.
Speaker 1
Мен саған сенемін.
Speaker 1
Сен де өзіңе сен.
Speaker 1
Арманың орындалады.
Speaker 1
Армандауды дәл қазір баста.
Topics:армандаумотивацияқазақша мотивацияешқашан берілмеумақсатрухжігерөмірқазақша видеоармандар











