Асқорыту бездерінің түрлері мен қызметтері, ферменттер және олардың ас қорытудағы рөлі туралы толық түсінік.
Key Takeaways
- Асқорыту бездері ас қорыту ферменттерін бөліп, тағамның ыдырауын қамтамасыз етеді.
- Сілекей бездері ауызда көмірсуларды ыдырататын ферменттерді бөледі және тамақтың жұтылуын жеңілдетеді.
- Бауыр өт бөледі, қанды тазартады және көмірсуларды гликоген түрінде сақтайды.
- Ұйқы безі майларды, нәруыздар мен көмірсуларды ыдырататын ферменттерді өндіреді.
- Асқазан мен ішек бездері нәруыздарды ыдырататын пепсин ферментін бөледі.
What the video covers
- Асқорыту бездерінің төрт негізгі типі: сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі және асқазан-ішек біржасушалы бездері.
- Асқорыту ферменттері күрделі органикалық заттарды ыдыратуға және реакцияларды тездетуге қызмет етеді.
- Сілекей бездері ауыз қуысында орналасып, амилаза, мальтаза және лизоцим ферменттерін бөледі.
- Бауыр өт бөледі, қанды тазартады және көмірсуларды гликоген түрінде сақтайды.
- Өт майларды эмульгациялап, ұйқы безінің липаза ферментінің жұмысын жеңілдетеді.
- Ұйқы безі панкреатин сөлін бөліп, майларды, нәруыздар мен көмірсуларды ыдыратады.
- Асқазан мен ішектің біржасушалы бездері асқазан сөлін бөліп, пепсин ферментімен нәруыздарды ыдыратады.
- Асқорыту процесі ауыз қуысынан басталып, ферменттер арқылы күрделі заттар мономерлерге дейін ыдырайды.
- Бауыр мен бүйрек организмдегі негізгі сүзгі қызметін атқарады, улы заттарды залалсыздандырады.
- Өттің негізгі пигменті билирубин эритроциттердің ыдырауынан пайда болып, нәжісті бояйды.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
ҰБТ-да биология таңдайтын барлық оқушыларға сәлем, менің есімім Малика және мен ҰБТ биологияға дайындайтын мұғаліммін, өзімнің үлкен proБИО онлайн мектебім бар.
Speaker A
Сендерді өзімнің YouTube каналымда көргеніме өте қуаныштымын, бұл YouTube каналда менде 80-нен аса тегін сабақ бар және 10-нан аса өте көп деген тікелей эфирлер бар, ол жақта мен күшті-күшті нұсқа талдаулар жүргізгенмін, сол үшін менің YouTube каналыма жазылып, сол тегін сабақтың барлығын қарап алыңыздар.
Speaker A
Ал мен 2024-2025 оқу жылының YouTube-тағы жаңа сезонын бастап жатырмын, иә, менің осы оқу жылындағы ең алғашқы видеом болып табылады.
Speaker A
Ал бүгінгі менің сабағымның тақырыбы ол бізде асқорыту бездері, қарап отырсаң, осы күнге дейін асқорыту тақырыбынан төрт түрлі тегін сабақты осы YouTube каналда түсіріппін.
Speaker A
Ол бізде асқорыту жүйесі, тістердің құрылысы, майда ішек және жуан ішек.
Speaker A
Витаминдердің талдауын видео разделдан осы тегін сабақтарды таба аласыздар.
Speaker A
Ал мен өзімнің сабағымды бастаймын.
Speaker A
Сонымен бізде асқорыту бездерінің төрт түрлі типі бар, олар бізде сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі.
Speaker A
Асқазан мен ішектің біржасушалы бездері.
Speaker A
Қазір осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
Speaker A
Бірақ та мен асқорыту бездерінің ең басты қызметін айтып өтейін, ол асқорыту ферменттерін бөлу.
Speaker A
Асқорыту ферменттері бізде астың ыдырау реакциясын тездететін, яғни органикалық заттарды қорытатын нәруыздар.
Speaker A
Ең атақты асқорыту ферменттеріне бізде жатады амилаза, ол бізде көмірсуларды мономерлерге ыдыратады, мысалға глюкозаға.
Speaker A
Нәруыздарды ыдырататын пепсин аминқышқылдарына дейін ыдыратады.
Speaker A
Және де майларды липаза ферментінің арқасында глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады екен.
Speaker A
Яғни ферменттердің ең басты қызметі күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырату.
Speaker A
И реакцияны тездету болып табылады.
Speaker A
Мысал ретінде егер де біз ыдыс жуатын болсақ, тем более майлы ыдыс жуатын болсақ, ыстық сумен жусақ та, суық сумен жусақ та бұл процесс бізде өте ақырын жүреді.
Speaker A
Бірақ та фейри тәрізді ыдыс жуатын заттарды қолдансақ, бұл процесс бізде тез жүреді.
Speaker A
Дәл осылай қызметті бізде асқорыту ферменттер жасайды.
Speaker A
Сонымен ең алдымен сілекей бездеріне тоқталайық.
Speaker A
Біздің ауыз қуысымызда үш жұп сілекей безі бар, ол бізде құлақ маңы немесе шықшыт, жақ асты және тіл асты бездері.
Speaker A
Яғни олар үш-үштен орналасқан, сол себептен оларды үш жұп бездер деп атайды.
Speaker A
Тіл асты ең кішкентай, ал құлақ маңы шықшыт ең үлкен болып табылады.
Speaker A
Сонымен қатар біздің ауыз қуысымызда орналасқан ұсақ біржасушалы бездер бар.
Speaker A
Бұл бездердің барлығы сілекей сөлін бөледі.
Speaker A
Тәулігіне біз сендермен 1,5-2 литрдей сілекей бөлетін екенбіз.
Speaker A
Және сілекейдің құрамында өзіндік ферменттер бар.
Speaker A
Олар бізде амилаза ферменті бізде көмірсуды ыдыратады.
Speaker A
Мальтаза ферменті мальтозаның ыдырауын катализдейді.
Speaker A
Лизоцим әсерінен кейбір бактериялар жойылады.
Speaker A
Сонымен қатар сілекейдің ең басты, наверное, ең маңызды қызметі ол шырыш бөліп, тамақтың оңай жұтылуына көмектесу.
Speaker A
Мысал ретінде біз құрғақ болса ауызымыз, біз тамақты жұта алмай, қақалып, шашалып қалатын едік.
Speaker A
Өздерің еске түсіріңдер, ауыздарың құрғақ болып тұрған кезде.
Speaker A
Мынандай жейсіңдер, қақалып қаласыңдар, иә.
Speaker A
Ал сілекей осы астың жұтылу процесін оңайлатады.
Speaker A
Яғни астың қорытылуының өзі бізде ауыз қуысынан басталып кетеді екен.
Speaker A
Мысал ретінде төменде берілген суреттерге назар аударыңыздар.
Speaker A
Мына жақта бізде полимер деп жазылып тұр, полимер дегеніміз ол бізде кішкентай бөлшектерден құрылған үлкен заттар.
Speaker A
Мысал ретінде крахмал мен гликоген бізде глюкозадан құрылады, иә, глюкоза мономер.
Speaker A
Крахмал мен жаңағы гликоген бізде полимер болып табылады.
Speaker A
Фермент келіп ыдырау реакциясын бастаған кезде, олар қайтадан мономерлерге ыдырап кетеді екен.
Speaker A
Келесі асқорыту безі ол бізде бауыр.
Speaker A
Бауыр біздің организміміздегі ең ірі без, массасы 1,5 кг.
Speaker A
Біздің оң жағымызда орналасқан.
Speaker A
Оның асқорытуға қатысатын қызметі ол өзін өтті бөліп шығарады.
Speaker A
Яғни өтті синтездеп, потом бөліп шығарады.
Speaker A
Тәулігіне бізде 700-800 грамм өт бөлінеді екен.
Speaker A
Қосымша информация ретінде айта кетейін, бауырда өттен бөлек тағы да атқаратын қызметтері бар, ол бізде асқазаннан, ішектен, көкбауыр мен ұйқы безінен келетін қанды тазартады.
Speaker A
Сүзеді және залалсыздандырады.
Speaker A
Біздің организмімізде екі фильтр бар, ол бізде бүйрек және де бауыр.
Speaker A
Бүйрек бізде қанды сүзіп, зәрді түзеетін болса, бауыр бізде қанды сүзіп, оны залалсыздандырады.
Speaker A
Залалсыздандырады дегеніміз, қанның құрамындағы бүкіл улы заттарды жойып отырады екен.
Speaker A
Мысал ретінде егер де бауыр істен шығатын болса, бүйректің жеткіліксіздігі пайда болады.
Speaker A
Өйткені нәзік бүйректің құрылымдары улы заттардың кесірінен өле бастайды.
Speaker A
Тағы да бауырдың ең басты қызметі ол көмірсулардың артық мөлшерін гликоген түрінде қорға жинақтау болып табылады.
Speaker A
Бұл сабақ бізде асқорыту бездері деп аталады.
Speaker A
Ендеше бауырдың асқорыту безі ретінде атқаратын қызметін айта кетейік, ол бізде өт бөледі.
Speaker A
Өт бауырдың жасушаларында синтезделеді және осыны өт қапшығына жинақталады.
Speaker A
И оны піседі деп атайды.
Speaker A
Кейін ол ұлтабарға бөлінеді де майларды қорытуға көмектеседі.
Speaker A
Міне, егер де біз бауырдан өтті бөліп алатын болсақ, оның пішіні осылай көрінеді.
Speaker A
Ал түсі болса сарғыш-жасыл түсті болып көрінеді.
Speaker A
Өтті бояйтын негізгі пигмент осы сары түсті билирубин деп аталады.
Speaker A
Билирубин ол бізде тек қана өтте емес, сонымен қатар нәжіс массасын бояйды екен.
Speaker A
Нәжіс массасы дегеніміз, балапандар, ол үлкен дәрет.
Speaker A
Билирубин қайдан пайда болады? Билирубин бізде темірі бар ескірген эритроциттер бұзылған соң гемоглобиннен синтезделеді.
Speaker A
Және осы билирубин бізде өтті басқа асқорыту сөлдерінен ерекшелейтін қызметі эритроциттер ыдыраған кезде түзілген заттарды ағзадан шығарады.
Speaker A
Яғни ішекке түсіреді, дәл сол ішектен тамақ қорытылған кезде.
Speaker A
Ол нәжіспен бірге сыртқа шығарып кетеді екен.
Speaker A
Бірақ та бұл өттің ең басты емес, өттің ең басты рөлі ол асқорытуға қатысу.
Speaker A
Асқорытуға қалай қатысады десеңдер, балапандар.
Speaker A
Мына бір бетке өте тұрайық.
Speaker A
Өт бізде тамақ құрамындағы майды қорытуға қатысады, нақтырақ өт майларды эмульгациялайды.
Speaker A
Эмульгациялау дегеніміз ол бізде майларды үлкен бөлшектен кішкентай-кішкентай бөлшектерге айналдыру болып табылады.
Speaker A
Мысал ретінде біздің алдымызға өте үлкен зат келсе, біз оны мың-мың-мыңдаған кішкентай бөлшектерге бөлсек.
Speaker A
Сол кішкентай бөлшектермен жұмыс жасау өте ыңғайлы болады.
Speaker A
Дәл сол сияқты өт қышқылдары бейтарап майларды орасан көп мөлшерде ұсақ тамшыларға бөледі.
Speaker A
Дәлше бізде іске ұйқы безі қосылады.
Speaker A
Ұйқы безінен бізде липаза ферменті майлардың бетіне жанасып, оларды қорытуға оңай болады.
Speaker A
Бұдан бөлек өттің тағы да бір қызметі ол ішектің жиырылуын күшейтеді.
Speaker A
Яғни ішек бізде бұлшықеттен тұрады, бір ыңғай салалы бұлшықеттен.
Speaker A
Және де оны жиырылтып, астың тезірек жылжуына әсер етеді.
Speaker A
Одан кейін барып ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін арттырады.
Speaker A
Ол ұлтабар ферменті амилаза мен трипсин жұмысын жеңілдету үшін сілтілеу үдерісіне қатысады.
Speaker A
Бағанадан бері ұйқы безі деп айтып жатырмыз, осы ұйқы безі бізде келесі асқорыту безі болып табылады.
Speaker A
Оның ең басты сөлі панкреатин болып табылады.
Speaker A
Панкреатин және де өт бізде ұлтабарға өзек арқылы бөлініп шығады.
Speaker A
Ұлтабар дегеніміз аш ішектің бірінші бөлімі.
Speaker A
Ұйқы безінің панкреатин сөліндегі басты ферменті липаза, ол бізде майларды май қышқылы мен глицеринге дейін ыдыратады.
Speaker A
Жұмысын өт белсендіреді.
Speaker A
Бұдан бөлек ұйқы безі бізде нәруыз бен көмірсуларды ыдыратады.
Speaker A
Оның қосымша ферменттері бар.
Speaker A
Ол бізде трипсин нәруыздарды ыдыратады, амилаза болса бізде көмірсуларды ыдыратады.
Speaker A
Және де біздің сабағымыздың ең соңғы безі асқазан мен ішектің біржасушалы бездері.
Speaker A
Мынау бізде асқазан, тағы да ішек бар.
Speaker A
Және де бұлардың қабырғаларында осыны өте кішкентай-кішкентай жасушалар болады.
Speaker A
Олар өздерінен, балапандар, асқазан мен ішек сөлін бөліп шығарады, тәулігіне 2 литр.
Speaker A
Және асқорыту жолы мүшелерінің қабырғаларында орналасады.
Speaker A
И осы сөлді бөлген кезде біздің асқазанымызды, ішегімізді желудочный сок деп айтады.
Speaker A
Орысша асқазан мен ішектің сөліне толтырады.
Speaker A
Олар қандай қызмет атқарады?
Speaker A
Олардың құрамында пепсин деген фермент болады.
Speaker A
Иә, асқазан сөлінде тоже пепсин деген фермент болады.
Speaker A
Иә, балапандар, бағанағы естіген пепсин ферменті.
Speaker A
Ол бізде нәруыздарды аминқышқылдарына ыдыратады.
Speaker A
Ал пепсиннің жұмысын болса бізде, балапандар, тұз қышқылы белсендіреді.
Speaker A
Сонымен, балапандар, менің кішігірім асқорыту бездеріне арналған YouTube-тағы тегін сабағым аяқталды.
Speaker A
Егер де сіздерге ұнаса, менің YouTube каналыма жазылып, лайк басып, комментарий жазуды ұмытпаңыздар.
Speaker A
Енді дәл осы YouTube-тағы жаңа сезонның ашылу құрметіне байланысты мен сіздерге proБИО курсының үш тегін сабағын бергім келіп тұр.
Speaker A
Бақандай біздің курста оқитын үш тегін сабақты сіздер мына бір төменде берілген WhatsApp нөмірге жазатын болсаңыздар, оңай аласыздар.
Speaker A
Ал егер де сіздер дәл осы сабақты ноутбук арқылы көріп жатсаңыздар, камераны осы жаққа беттесеңіздер.
Speaker A
Мына бір QR-кодтан ссылка ашылатын болады.
Speaker A
Бұдан да бөлек ҰБТ мен биологияға қатысты пайдалы информацияны мен өзімнің YouTube каналымда беремін.
Speaker A
Сол себептен ол жаққа да жазылып қойды ұмытпаңыздар.
Speaker A
Ал мен сіздермен келесі сабаққа дейін қоштасамын.
Speaker A
Комментарийге сіздерге қажетті сабақты жазып кетіңіздер, келесі жолы түсіремін.
Speaker A
Всем пока.
Topics:асқорыту бездеріферменттерсілекей бездерібауырұйқы безіөтпанкреатинпепсинҰБТ биологияproБИО











