Өткізгіш жолдардың классификациясы, афферентті және эфферентті жолдардың құрылымы мен қызметі туралы толық түсінік.
Key Takeaways
- Өткізгіш жолдардың негізгі үш түрі бар: ассоциативтік, проекциялық және комиссуралды.
- Афферентті жолдар сезімдерді қабылдап, миды жоғары бағыттайды.
- Эфферентті жолдар қозғалысты басқарады, еркілі және еркісіз болып бөлінеді.
- Проприорецепторлар бұлшық ет пен сіңірдегі қозғалыс пен тепе-теңдікті реттейді.
- Жұлын мен мидың әртүрлі бөлімдерінде нейрондар мен тракттар арқылы сигналдар өңделеді.
What the video covers
- Өткізгіш жолдар ассоциативтік, проекциялық және комиссуралды топтарға бөлінеді.
- Ассоциативтік талшықтар мидың бір жарты шарындағы байланыстарды қамтамасыз етеді.
- Комиссуралды талшықтар екі мидың жарты шарларын байланыстырады.
- Проекциялық талшықтар миды басқа бөлімдермен, оның ішінде жұлынмен байланыстырады.
- Афферентті жолдар экстрарецепторлар, проприорецепторлар және интрарецепторларға бөлінеді.
- Экстрарецепторлар сыртқы ортадан сигналдар қабылдайды, жалпы және арнайы түрлері бар.
- Проприорецепторлар бұлшық еттер мен сіңірлерде орналасып, саналы және санасыз жолдарға бөлінеді.
- Интрарецепторлар ішкі органдардағы химиялық және механикалық сигналдарды қабылдайды.
- Эфферентті жолдар пирамидалық (еркілі) және экстрапирамидалық (еркісіз) болып бөлінеді.
- Ауырсыну, температура, қысым және жанасу сезімдерінің өткізгіш жолдары мен нейрондық құрылымдары егжей-тегжейлі баяндалады.
Full Transcript — Download SRT & Markdown
Speaker A
Бізде өткізгіш жолдар. Өткізгіш жолдар бізде классификациясы ассоциативтік, проекциялық және комиссуралды деген үш топқа бөлінеді.
Speaker A
Және олардың айырмашылығы неде? Ассоциативтік талшықтар дегеніміз, олар бізде мидың екі жарты шарының әр жарты шарының ішіндегі өзара байланысты.
Speaker A
Мысал ретінде самай мен төбе, немесе самай мен шеке сияқты бір жарты шарындағы өзара байланыстарды байланыстырады.
Speaker A
Ал комиссуралды бізде екі мидың екі жарты шарын бір-бірімен байланыстыратын талшықтар.
Speaker A
Ал проекциялық дегеніміз, ол миды мидың басқа бөлімдерімен, яғни ортаңғы мимен, сопақша мимен және де жұлынмен байланыстыратын талшықтар, олар проекциялық деп аталады.
Speaker A
Және олар өз кезегінде бізде екіге бөлінеді: афферентті немесе жоғарылайтын, эфферентті немесе төмендемелі.
Speaker A
Енді афферентті талшықтар.
Speaker A
Афферентті талшықтардың өзі бізде экстрарецепторлар, проприорецепторлар және интрарецепторлар болып үш топқа бөлінеді.
Speaker A
Экстрарецепторлар, яғни олар бізде тері сыртқы жақтан келетін рецепторларды қабылдайды.
Speaker A
Олардың өзі бізде жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Speaker A
Жалпы, яғни бізде температура, ауырсыну, давление, жанасу, яғни денеміздің барлық жерінде сезетін, бұлшық етінде барлық бөлімінде болатын рецепторлар.
Speaker A
Ал арнайы дегеніміз, олар арнайы қызмет атқаратын, мысал ретінде есту, көру, иіс сезу және дәм сезу рецепторлары.
Speaker A
Проприорецепторлар.
Speaker A
Проприорецепторлардың рецепторлық ұштары бізде бұлшық ет, сіңірлерде болады.
Speaker A
Және олардың өзі екіге бөлінеді: жұлын-мишықтық немесе санасыз, жұлын-қыртыстық немесе саналы.
Speaker A
Жұлын-мишық жолдарының өзі бізде Говерс және Флексиг жолдары болып,
Speaker A
ал жұлын-қыртыстық Голь және Бурдақ жолдары болып бөлінеді.
Speaker A
Үшіншісі ол бізде интрарецепторлар.
Speaker A
Интрарецепторлар, олар бізде ішкі органдарда орналасады.
Speaker A
Оларға бізде жаңағы хеморецептор, механорецептор, барорецептор, яғни ауырсыну, химиялық сезімдерді, солардың барлығын сезетін болып бөлінеді.
Speaker A
Біз бұларды толығырақ физиология курсында өтеміз.
Speaker A
Одан кейін бізде эфферентті жол.
Speaker A
Яғни ол бізден мидан жұлынға келетін талшықтар.
Speaker A
Олар пирамидалық және экстрапирамидалық болып бөлінеді.
Speaker A
Пирамидалық дегеніміз, яғни ол адам еркіне бағынатын қимылдар болып табылады.
Speaker A
Мысал ретінде қолды бүгу.
Speaker A
Ол, яғни біздің еркімізге бағынуы.
Speaker A
Ал экстрапирамидалық дегеніміз, ол адам еркіне бағынбайтын, мысал ретінде біз қолды бүккен кезде біздің бицепс бұлшық еттеріміз олардың жаңағы жиырылуы немесе босаңсуы.
Speaker A
Біз бұны басқармаймыз, сондықтан бұл бізде экстрапирамидалыққа жатады.
Speaker A
Және олар өз кезегінде үш жіңішке бөлінеді.
Speaker A
Енді толығырақ тоқталатын болсақ.
Speaker A
Экстрарецепторлар, экстрарецепторлар, яғни олардың рецепторларын біз сыртқы ортадан аламыз.
Speaker A
Олардың рецепторлары бізде тері болып табылады.
Speaker A
Олардың өзі жаңағы айтып кеткендей бізде ауырсыну, температура, давление және жанасу, яғни қысым жанасу.
Speaker A
Төртке бөлінеді.
Speaker A
Соның ішінде бізде ауырсыну және температура.
Speaker A
Олардың жолдары бір болып табылады.
Speaker A
Енді бұлар қалай жүреді?
Speaker A
Ауырсыну және температураның рецепторлары, олар бізде теріде орналасады.
Speaker A
Теріде орналасқан рецепторлардан кейін, мінекей рецептор, одан кейін бізде жұлын түйінінде бірінші нейрон.
Speaker A
Олар бізде псевдоуниполярлы болады.
Speaker A
Ол жерде бірінші нейрон түзіледі.
Speaker A
Одан кейін бізде жұлынның сұлкус постеролатералис арқылы кіріп, жұлынның сұр затының артқы мүйізінде, корну постериорда бізде екінші нейрондар түзіледі.
Speaker A
Ол жерде бізде нуклеус проприа болады.
Speaker A
Одан кейін ол бізде жұлынның ақ затына, яғни комиссура альбаға өтеді.
Speaker A
Комиссура альбаға өтіп, қарама-қарсы бағытта бізде трактус спиноталамикус латералис түзіледі.
Speaker A
Трактус спиноталамикус латералис арқылы жоғары қарай бағытталады, бізде сопақша ми, көпір, ортаңғы мида орналасқан лемнискус медиалис арқылы өтеді.
Speaker A
Осылайша ол жоғары бағытталады.
Speaker A
Таламусқа келеді.
Speaker A
Таламуста орналасқан вентралды ядроларында бізде үшінші нейрон түзіледі.
Speaker A
Яғни бұл жерде нуклеус вентролатералис болады.
Speaker A
Одан кейін ол бізде капсула интернаның артқы аяқшасы, корну постериор арқылы өтеді де, сұлкус постцентралис, гирус постцентралисқа барады.
Speaker A
Яғни бізде бірінші нейрон ол жұлын түйінінде түзіледі, екінші нейрон ол бізде корну постериорда, ал үшінші нейрон ол таламуста түзіледі.
Speaker A
Бұл бізде ауырсыну және температура болып табылады.
Speaker A
Бізде қысым-жанасу.
Speaker A
Температураныкімен дәл сондай жол болып келеді, бірақ оның ерекшелігі бұл жерде бізде трактус спиноталамикус антериор түзіледі.
Speaker A
Яғни ол жерде жаңағы трактусымыз бізде латералды бағытта емес, комиссура альбаның медиалды бағытында орналасады.
Speaker A
Міне, мына суретте осы трактус бойынша өтеді.
Speaker A
Бұл жерде жаңағы несі берілген, қалай жүретіндері.
Speaker A
Енді бізде проприорецепторлар.
Speaker A
Олардың өзі бізде санасыз және саналы болып бөлінеді.
Speaker A
Енді санасызға тоқталатын болсақ.
Speaker A
Санасыз, яғни ол бізде жұлын-мишықтық жол.
Speaker A
Жұлын-мишықтық жолдың өзі бізде Флексиг жолы және Говерс жолы болып екіге бөлінеді.
Speaker A
Біріншісі Флексиг жолы немесе жұлын-мишықтық артқы жол деп аталады.
Speaker A
Ол қалай жүреді?
Speaker A
Бізде рецепторлар сәйкесінше бұлшық еттерде немесе сіңірлерде орналасады.
Speaker A
Одан кейін жұлын түйінінде бізде екінші, бірінші нейрон түзіледі.
Speaker A
Бұл бізде псевдоуниполярлы нейрондар болады.
Speaker A
Одан кейін бізде сұлкус постеролатералис арқылы жұлынға кіреді, оның сұр затында, корну постериорда нуклеус торацикус, яғни нуклеус торацикуста бізде екінші нейрондар түзіледі.
Speaker A
Одан кейін ол ешқандай қарама-қарсы бағытқа өтпей,
Speaker A
тура өз жолы бойымен сопақша мидың дорсалды бетіне барып, сопақша мидың дорсалды беті арқылы бізде пединклус церебелли инфериорға,
Speaker A
яғни мишықтың төменгі аяғы арқылы өтіп, мишықтың құрт тәрізді өсіндісінде, яғни вермисте үшінші нейрондарды түзеді.
Speaker A
Енді бізде Говерс жолы немесе жұлын-мишықтық алдыңғы жол.
Speaker A
Оның нейрондары бізде бірінші нейроны сәйкесінше жұлын түйінінде түзіледі.
Speaker A
Одан кейін сұлкус постеролатералис арқылы кіріп, оның сұр затына өткенде, бұның ерекшелігі ол нуклеус интермедиуста, яғни аралық бөлімінде бүйір мүйізінде түзіледі.
Speaker A
Бүйір мүйізінде бізде екінші нейрондар түзіледі де,
Speaker A
олардың бізде 10% өз бағыты бойынша жоғары бағытталады, ал қалған 90% комиссура альбаға өтеді де, осы жерден бізде трактус спиноцеребеллярис антериор түзеді.
Speaker A
Мінекей мына жерден байқауға болады.
Speaker A
Бізде арғы бетке өткен кезде мына жерде қиылысу болады комиссура альбада, және ол бізде сопақша мидан, көпірден, ортаңғы мидан осы екі жолымызда өтеді де,
Speaker A
иммуно ортаңғы миға келген кезде қайтадан қиылысу болады осы екі нервтің, екі нерв екеуінің қиылысу нәтижесінде олар бізде пединклус церебелли супериор,
Speaker A
яғни мишықтың жоғарғы аяқшасы арқылы мишықта үшінші нейрондарды түзеді.
Speaker A
Одан кейін бізде жұлын-қыртыстық жол, яғни саналы жол.
Speaker A
Оған бізде Голь және Бурдақ жол жатады.
Speaker A
Голь жолы, яғни ол бізде рецепторлары нижний конечность, яғни төменгі бөліктерде, аяқта, мысал ретінде орналасады.
Speaker A
Енді оның қалай жолы жүреді?
Speaker A
Бірінші бізде рецептор, мысал ретінде бұл аяқ болсын, енді сол жерде орналасқан рецепторлар бірінші нейрон жұлын түйінінде түзіледі.
Speaker A
Сұлкус постеролатералис арқылы жұлынға кіреді де, бірақ бұның ерекшелігі ол бізде сұр затты өтпейді.
Speaker A
Бізде жұлынның мына жердегі жіңішке бұдасы арқылы жоғары қарай бағытталып, сопақша миға келгенде ғана екінші нейрондар түзіледі.
Speaker A
Яғни бізде сопақша мида, біздің сопақша мидың дорсалды бетінде туберкулум грацилис және туберкулум куниатум деген болған.
Speaker A
Сол туберкулум грацилисте орналасқан нуклеус грацилисте ғана екінші нейрондар түзіледі.
Speaker A
Одан кейін ол бізде перекрест жасайды, яғни қарама-қарсы бетке өтеді.
Speaker A
Қарама-қарсы бетке өтіп, лемнискус медиалис түзеді.
Speaker A
Осы лемнискус медиалис арқылы жоғары бағытталады.
Speaker A
Бізде жоғары бағытталған жолымыз, енді бұл жерде трактус бульбокортикалис түзіледі.
Speaker A
Неге трактус бульбокортикалис, себебі оның үшінші нейрондары бізде таламуста орналасады.
Speaker A
Ал екінші нейрондары ол бізде сопақша мида орналасқан.
Speaker A
Сопақша мидың грекшесі ол бізде бульбус болып табылады.
Speaker A
Яғни бұл тракт бізде трактус бульбокортикалис деп аталады.
Speaker A
Бізде үшінші нейрондар таламустың жаңағы латералды бетінде түзіледі.
Speaker A
Одан кейін бізде жаңағы капсула интернаның артқы аяқшасы арқылы гирус постцентралисқа барады.
Speaker A
Бұлардың барлығы бізде афферентті жолдар болған.
Speaker A
Яғни жоғарылайтын жолдар болып табылады.
Speaker A
Және олардың нейрондары сезімтал нейрондардан тұрады.
Speaker A
Енді бізде эфферентті жолдар немесе төмендемелі жолдар.
Speaker A
Олар бізде қозғалтқыш нейрондардан тұрады.
Speaker A
Және оларды біз бірінші ең алдымен екіге бөліп аламыз.
Speaker A
Пирамидалық және экстрапирамидалық.
Speaker A
Бірінші пирамидалыққа тоқталамыз.
Speaker A
Пирамидалық ол бізде шартты рефлекске жауап береді.
Speaker A
Ол қалай, яғни бізде,
Speaker A
адам еркімен басқарылатын.
Speaker A
Мысал ретінде біз қолымызды бүгуіміз.
Speaker A
Ол бізде шартты рефлекс.
Speaker A
Яғни біз оны миымызбен басқарамыз.
Speaker A
Ал осы қолды бүккен кездегі біздің бицепс немесе трицепс бұлшық еттердің жаңағы жиырылуы немесе босаңсуы ол шартсыз рефлекс болып табылады.
Speaker A
Оған бізде экстрапирамидалық жолдар жауап береді.
Speaker A
Енді бізде пирамидалық жол, яғни ол шартты рефлекске жауап береді.
Speaker A
Және олардың өзі бізде екіге бөлінеді.
Speaker A
Қыртыс-жұлындық және қыртыс-ядро.
Speaker A
Бірінші біз қыртыс-жұлындық жолға тоқталатын болсақ.
Speaker A
Бізде олар гирус прецентралисте орналасады.
Speaker A
Бұл жерде бізде бес жасушалары болады.
Speaker A
Немесе пирамидалық жасушалар.
Speaker A
Пирамидалық жасушалардан біз екі түрлі тоқталамыз қазір.
Speaker A
Яғни ол екіге өтеді.
Speaker A
Мінекей, бізде капсула интернаның корну постериор, артқы аяқшасы арқылы өтеді.
Speaker A
Сосын таламусқа келеді.
Speaker A
Таламустан бізде ортаңғы ми, көпір, сопақша ми арқылы өтеді де,
Speaker A
сопақша миға келген кезде жаңағы біздің талшықтарымыз екіге айырылады.
Speaker A
Екіге айырылғанда бізде екі талшық келді ғой, бөлек-бөлек келеді.
Speaker A
Біреуі бізде төмен қарай бағытталады да, осы жерде бізде трактус кортикоспиналис антериор түзіледі.
Speaker A
Ал екінші талшығымыз ол бізде қарама-қарсы бағытқа өтеді.
Speaker A
Қарама-қарсы бағытқа өткенде ол жерде бізде декусация пирамидаліс болады.
Speaker A
Яғни жаңағы қиылысу.
Speaker A
Декусация пирамидаліс түзіп, қарама-қарсы бағытқа өтеді де,
Speaker A
бізде трактус кортикоспиналис латералис түзеді.
Speaker A
Трактус кортикоспиналис латералис төмен қарай бағытталады.
Speaker A
Трактус кортикоспиналис антериор ол бізде комиссура альбаға келген кезде қарама-қарсы бағытта бұлшық етке өтеді.
Speaker A
То есть мына жерде тоже қиылысу болады.
Speaker A
Ал латералис дорсалды бағыт бойынша төмен түсіп, олар бізде жұлынның сұр затының төменгі алдыңғы мүйізіне,
Speaker A
яғни корну антериорға келеді, осы жерде бізде екінші нейрондар, мотонейрондар орналасады.
Speaker A
Осы мотонейрондар арқылы сәйкесінше кейін бізде жаңағы бұлшық етімізге барады.
Speaker A
Енді екінші түрі ол бізде қыртыс-ядролық жол.
Speaker A
Қыртыс-ядролық жол, олар қалай жүреді?
Speaker A
Олар бізде қыртыстан оның жаңағы пирамидалық жасушалары, бес жасушалары орналасады.
Speaker A
Олар бізде жаңағы ішкі капсула, капсула интернаның иіні арқылы, яғни тізесі арқылы өтеді.
Speaker A
Тізесі арқылы өтеді де, бізде жаңағы ствол мозгаға, яғни ми бағанаға, ортаңғы ми, көпір, сопақша миға келеді.
Speaker A
Онда орналасқан ядроларға.
Speaker A
Яғни бізде бас ми нервтері болды ғой.
Speaker A
12 жұп нерв, соның ішіндегі 1, 2 және 8-ші нервтерге олар бізде тармақтар бермейді, себебі бізде 1, 2 және 8-ші нервтер тек қана сезімтал болып табылады.
Speaker A
Ал қозғалтқыш болып табылмайды.
Speaker A
Сондықтан ол 1, 2, 8-ден басқа барлық нервтерге жаңағы талшықтар келеді.
Speaker A
Міне, бізде ортаңғы мида 3-ші және 4-ші жұп нервке, ал көпірде 5-ші, 6-шы, 7-ші жұп нервтерге,
Speaker A
ал сопақша мида 9, 10, 11, 12-ші жұп нервтерге өзінің тармақтарын береді.
Speaker A
Келесі бізде экстрапирамидалық жолдар.
Speaker A
Яғни олар жаңа айтып кеткеніміздей шартсыз рефлекске жауап береді.
Speaker A
Енді олардың өзі бізде бес түрге бөлінеді.
Speaker A
Ол қыртыс-жұлын жолы, қызыл ядро-жұлын, вестибула-жұлын, торлы-жұлын және олива-жұлын жолдарынан тұрады.
Speaker A
Бірінші бізде ортаңғы мида орналасқан ядролар.
Speaker A
Ортаңғы мида бізде қыртыс асты жұлын ядросы орналасады.
Speaker A
Одан бізде жаңағы талшық шығады да, қарама-қарсы бағытқа өтеді.
Speaker A
Осы қарама-қарсы бағытқа өткен жерде бізде декусация, яғни қиылысу болады.
Speaker A
Декусация тегмента дорсалис түзеді.
Speaker A
Сосын бұл жолымыз бізде төмен қарай бағытталып, жұлынның алдыңғы мүйізіне, корну антериорға келеді.
Speaker A
Бұл жерде бізде екінші нейрондар, мотонейрондар орналасады.
Speaker A
Ал одан кейін екінші ортаңғы мида бізде нуклеус рубер, яғни қызыл ядро.
Speaker A
Қызыл ядродан тоже бізде жаңағы қарама-қарсы бағытқа өтеді.
Speaker A
Өткен жерінде декусация, яғни қиылысу болады.
Speaker A
Бұл жерде бізде декусация тегмента дорсалис болған.
Speaker A
Ал бұнда вентралис болады.
Speaker A
Бұл да сол сияқты төмен қарай бағытталады.
Speaker A
Төмен қарай бағытталып, біздің жұлынның алдыңғы мүйізіне, корну антериорға келеді.
Speaker A
Бұл жерде жаңа мотонейрондарымыз болады.
Speaker A
Одан кейін бізде көпір.
Speaker A
Көпірде бізде есту нервтері болған, сол жерде орналасқан нуклеус кохлеарис,
Speaker A
яғни вестибула-жұлын жолын түзеді.
Speaker A
Бұл жолдың ерекшелігі ол бізде қиылысу болмайды.
Speaker A
Яғни қарама-қарсы бағытқа өтпей, дәл сол бағыт бойынша өз жолымен төмен түседі.
Speaker A
Өз жолымен төмен түсіп, корну антериорға келіп,
Speaker A
жаңа мотонейрондар түзеді, екінші нейрондар.
Speaker A
Сопақша мида бізде пирамида және олива болған.
Speaker A
Сол оливада орналасқан нуклеус оливаристе бізде тоже өткізгіш жолдар өтеді.
Speaker A
Нуклеус оливадан төмен қарай бағытталады да, бізде жаңағы жұлынға келген кезде комиссура альба арқылы қиылысу,
Speaker A
яғни қарама-қарсы бетке өтеді де, корну антериорға келіп екінші нейрондар түзіледі.
Speaker A
Енді бізде ең соңғысы торлы-жұлын жолы.
Speaker A
Естеріңізде болса, бізде осы жаңағы ортаңғы ми, көпір, сопақша миды бір-бірімен байланыстырып тұратын торлы құрылым болған.
Speaker A
Сол торлы құрылым, ол осы үш ми бөлімдеріндегі де нуклеус ретикулярис, яғни торлы құрылымның ядролары болған.
Speaker A
Сол торлы құрылымның ядролары, оларда бізде төмен қарай бағытталады.
Speaker A
Жұлынға келіп, комиссура альбада қарама-қарсы бағытқа өтеді де, осы жерде бізде екінші жұп нейрондар түзіледі.
Speaker A
Кейін бұл бізде жаңағы екінші нейрондар сәйкесінше рецепторларға, бұлшық еттерге барады.
Topics:өткізгіш жолдарафферентті жолдарэфферентті жолдарассоциативтік талшықтарпроекциялық талшықтаркомиссуралды талшықтарэкстрарецепторларпроприорецепторларинтрарецепторларжұлын жолдары






![Biologia Maj 2015 NOWA PODSTAWA [matura] — Transcript](https://i.ytimg.com/vi/wYr3c8qTs6o/maxresdefault.jpg)




