Шығыс Түрік қағанаты Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте орта ғасырлық мемлекет. Қағанат екіге бөлінген уақытта Шығыс Түрік қағанатының еліктерін Шиби қаған басқарды.
Шығыс Түрік қағанаты Қытаймен жүргізген соғыстың нәтижесінде 682 жылы Моңғолиядағы Орхон өзені бойындағы Өтүкен жерінде өз мемлекетін қалпына келтіріп, Орда-Балық қаласын өз орталығы етті. Алғашқы қағаны Құтлықты Елтеріс деген лауазыммен таққа отырғызды.
Шығыс Түрік қағанаты көптеген тайпаны күшпен біріктірген құрама мемлекет болғандықтан, әр тайпа орталық билікке қарсы бүлік шығарып отырды. Ақыры 745 жылы бас көтерген ұйғырлар Шығыс Түрік қағандығын біржолата талқандады.
Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.
Or transcribe another YouTube video here →