Батыс Түрік қағанаты — Transcript

Full Transcript — Download SRT & Markdown

00:03
Speaker A
Батыс-түрік қағанаты 603-704 жылдары өмір сүрді. Батыс-түрік қағанатының территориясы. Батыс-түрік қағанатының астанасы Суяб қаласы, ал жазғы ордасы Мыңбұлақ.
00:20
Speaker A
Батыс-түрік қағанатының өзге атауы: "Он-оқ бұдын" немесе "Он тайпа" мемлекеті. Қағанатқа енген он тайпалар бес нушибилерден, бес дулулардан құрылды.
00:33
Speaker A
Батыс-түрік қағанатын негізін салған Тардуш қаған. Шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысып, өзін шығыс түрік қағанатының қағанымын деп жариялаған.
00:44
Speaker A
Қағанаттың саяси күшейген кезегі Шегу мен Тон қағандардың тұсында. Шегу қаған 610-618 жылдары билік етті, ал Тон қағанның билік еткен кездері 618-630 жылдар.
00:59
Speaker A
Шегу қағанның тұсында қағанат шығыста Алтайға дейін, батыста Тарым өзені мен Памир тауларына дейін жеткен.
01:47
Speaker A
Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.
02:00
Speaker A
634 жылы Нушибилердің көмегімен Ешбар Елтеріс билікті алды. Ешбар Елтеріс қаған қайтыс болғаннан кейін 640-657 жылдары қағанат ішінде ұзақ жылдарға созылған билікке талас басталды.
02:14
Speaker A
659 жылы Батыс-түрік қағанатының әлсірегенін пайдаланған Қытай Жетісуға басып кірді.
02:24
Speaker A
Шаруашылығы. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы. VII ғасырдың бас кезінде түріктердің жаппай отырықшылануы басталды.
02:37
Speaker A
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерінде дами бастаған түрік қалалары: Испиджаб, Тараз, Тархир, Алмалық қалалары.
03:29
Speaker A
Батыс-түрік қағанатында "қара бұдындар" деп қарапайым халықты атаған.
03:36
Speaker A
"Бұйрықтар мен тархандар" сот істерін басқарушылар.
03:43
Speaker A
Ал "тат" сөзінің мағынасы - құлдар.
03:49
Speaker A
"Бектер" деп жергілікті жерлердегі негізгі тіректерді атаған.
03:56
Speaker A
Ал "Селиф" сөзінің мағынасы - салық жинаушылар.

Frequently Asked Questions

Батыс Түрік қағанатының астанасы мен жазғы ордасы қай қалалар болды?

Батыс Түрік қағанатының астанасы Суяб қаласы болды. Ал жазғы ордасы Мыңбұлақ деп аталды.

Батыс Түрік қағанатының саяси күшейген кезеңі қай қағандардың тұсына келді?

Қағанаттың саяси күшейген кезеңі Шегу мен Тон қағандардың тұсына келді. Шегу қаған 610-618 жылдары, ал Тон қаған 618-630 жылдары билік етті.

Батыс Түрік қағанатындағы қарапайым халық, сот істерін басқарушылар және салық жинаушылар қалай аталды?

Батыс Түрік қағанатында қарапайым халықты «қара бұдындар» деп атаған. Сот істерін басқарушылар «бұйрықтар мен тархандар» болды, ал салық жинаушылар «Селиф» деп аталды.

Get More with the Söz AI App

Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.

Or transcribe another YouTube video here →