Жануарлардың асқорыту жүйесі. 8 сынып. — Transcript

Жануарлардың асқорыту жүйесі, жауын құрты мен сиырдың ас қорыту мүшелері туралы 8 сыныпқа арналған сабақ.

Key Takeaways

  • Ас қорыту жүйесі жануарлардың энергия алу және құрылыс материалы ретінде қорек қабылдауын қамтамасыз етеді.
  • Жауын құртының ас қорыту жүйесі қарапайым, бірақ топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
  • Сиыр сияқты күйіс қайыратын жануарлардың қарны төрт бөлімнен тұрады және бактериялар өсімдікті қорытуға көмектеседі.
  • Адамның ас қорыту жүйесінде ферменттер көмірсу, нәруыз және майларды ыдыратуға қатысады.
  • Ас қорыту жүйесінің құрылымы мен қызметі жануар түріне байланысты ерекшеленеді.

Summary

  • Ас қорыту жүйесінің маңызы мен негізгі қызметтері түсіндірілді.
  • Қарапайымдылардың, мысалы амебаның ас қорыту процесі қарастырылды.
  • Көп жасушалы жануарларда ас қорыту жолдары мен бездері туралы мәлімет берілді.
  • Ас қорыту бездерінің қызметтері: сілекей безі, бауыр, ұйқы безі сипатталды.
  • Адамның ас қорыту жолы мен ферменттерінің қызметі түсіндірілді.
  • Жауын құртының ас қорыту жүйесі мен оның топырақтағы рөлі талданды.
  • Күйіс қайыратын сүтқоректілердің, мысалы сиырдың қарнының құрылымы мен қызметі баяндалды.
  • Жауын құрты мен сиырдың ас қорыту жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді.
  • Ас қорыту жүйесінің экологиялық және биологиялық маңызына тоқталынды.
  • Сабақтың соңында негізгі ұғымдар мен жүйелердің қайталануы болды.

Full Transcript — Download SRT & Markdown

00:05
Speaker 1
Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар. Біз бүгін жануарлардың ас қорыту жүйесімен танысамыз.
00:13
Speaker 1
Ас қорыту дегеніміз не? Тамақтану дегеніміз? Бұл деген тірі ағзаларға тән қасиеттердің біреуі.
00:20
Speaker 1
Ағза асты қорытады, ағза қорегі алады, не үшін? Бірінші, ол энергия алу үшін, екінші, ол ас құрылыс материалы.
00:37
Speaker 1
Органикалық астың құрамындағы органикалық заттар ол құрылыс материалы болып табылады.
00:47
Speaker 1
Ас қорытуды есімізге түсірейік, бірінші амеба қарапайымдыларды есімізге түсірейік.
01:07
Speaker 1
Қарапайымдылардың өкілі амеба. Амебада жалған аяқтар бар.
01:19
Speaker 1
Ол өзінің қорегін, бактерияларды, балдырларды көрген кезде ол жалған аяғымен сол жерге жетеді.
01:33
Speaker 1
Жалған аяғымен ол қоректі қоршайды, қоректі қоршалған жерде ас қорыту вакуолі пайда болады, ас жасушаның ішінде қорытылады.
01:47
Speaker 1
Ал көп жасушалы жануарларда ас қалай қорытылады? Біріншіден, көп жасушалы жануарларда ас қанға сіңу үшін ол қоймалжың сұйықтық түрге айналу керек, ол қорытылу керек.
02:08
Speaker 1
Ол бірінші қорытылады, одан кейін барып сіңіріледі.
02:12
Speaker 1
Ас қорытуды біз ас қорыту мүшелерін бөлетін болсақ.
02:30
Speaker 1
Онда біз екі бөлімге бөлер едік.
02:42
Speaker 1
Бірінші ас қорыту жолы, екінші ас қорыту бездері.
03:36
Speaker 1
Ас қорыту жолында қандай үдерістер жүреді?
03:51
Speaker 1
Ас қорыту жолында ас қорытылады, тамақ қорытылады.
04:00
Speaker 1
Және осы ас қорыту жолы арқылы ішектің соңғы бөлігі арқылы сыртқа шығарылады.
04:10
Speaker 1
Ал ас қорыту бездерін есімізге түсірейік.
04:20
Speaker 1
Ас қорыту бездері бірінші сілекей безі.
04:30
Speaker 1
Сілекей безінің сұйықтығы, сөлі ол сілекей.
04:40
Speaker 1
Екінші, бауыр. Бауыр ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без.
04:53
Speaker 1
Оның салмағы білесіңдер ме, бір жарым килограмм.
05:00
Speaker 1
Ол бауырдың негізгі қызметі өт бөлу.
05:07
Speaker 1
Үшінші, ұйқы безі. Ұйқы безі ол аралас без.
05:19
Speaker 1
Сыртқы секреция қызметін, ішкі секреция қызметін атқаратын болғандықтан ол аралас без.
05:30
Speaker 1
Осы ұйқы безі панкреатин сөлін бөледі.
05:36
Speaker 1
Негізінде бізде ас қабылдаған кезде олар ыдырайды.
05:43
Speaker 1
Ыдырау адамда ауыз қуысынан басталады.
05:53
Speaker 1
Ең бірінші амилаза ферментінің әсерінен көмірсулар ыдырайды.
06:05
Speaker 1
Көмірсулар глюкозаға ыдырайды.
06:12
Speaker 1
Ал нәруыздар, балалар, қарындағы пепсин деген ферменттің әсерінен ол амин қышқылдарына ыдырайды.
06:23
Speaker 1
Ал май липазаның әсерінен май қышқылы және глицеринге дейін ыдырайды.
06:32
Speaker 1
Негізі адамның ас қорыту жолын есімізге түсірейікші.
06:42
Speaker 1
Бірінші ауыз қуысы, одан соң жұтқыншақ.
06:50
Speaker 1
Өңеш, өңештен кейін қарын, одан соң ішек.
06:59
Speaker 1
Аш ішек, тоқ ішек, тік ішек болып бөлінетінін білеміз.
07:05
Speaker 1
Ал енді осы ас қорытуды біз айтқан кезде ең бірінші біз жауын құртының ас қорыту мүшесімен танысайық.
07:15
Speaker 1
Бірінші жауын құрты дегеніміз не?
07:24
Speaker 1
Жауын құрты ол буылтық құрттар типінің аз қылтанды құрттар өкілі.
07:34
Speaker 1
Жауын құрты білесіңдер қайда өмір сүреді?
07:40
Speaker 1
Топырақта өмір сүреді.
07:44
Speaker 1
Ол топырақты құнарландырады, топырақты қопсытады, топырағы бар құрт, жауын құрты бар құрт топырақтың жақсы екендігін көрсетеді.
07:59
Speaker 1
Енді осы жауын құртқа қарайық, мына тақтадағы суретке қарайық.
08:06
Speaker 1
Бірінші жауын құртының ас қорытылу мүшесі ауыздан басталады.
08:14
Speaker 1
Ауыздан кейін жұтқыншаққа барады.
08:20
Speaker 1
Жұтқыншақтан кейін өңешке барады.
08:27
Speaker 1
Өңештен кейін жемсау болады.
08:31
Speaker 1
Ал сендер білесіңдер ме, балалар, жемсау негізінен осы ауызда сілекей безі болады.
08:41
Speaker 1
Жауын құртының ауызда сілекей безі болады.
08:47
Speaker 1
Сонда ең бірінші сілекей безі осы жауын құртында пайда болады.
08:53
Speaker 1
Одан кейін жұтқыншақ, өңеш, өңештен кейін жемсау.
09:00
Speaker 1
Жемсаудан кейін кәдімгі қатпарлы қарын болады.
09:05
Speaker 1
Ол өңеш пен қарын не істейді тамақта?
09:10
Speaker 1
Ол қоректің қорытылатын бетін, қорытылатын бетпен жанасуын үлкейтеді.
09:20
Speaker 1
Сондықтан ол қатпарлы болады.
09:24
Speaker 1
Қатпарлы қарыннан кейін ішек, ішектің соңғы бөлімі арқылы қорытылмаған қалдық сыртқа шығып кетеді.
09:34
Speaker 1
Енді жауын құрт немен қоректенеді?
09:40
Speaker 1
Жауын құрт топырақтың арасындағы органикалық заттармен қоректенеді.
09:48
Speaker 1
Ауызда бағана сілекей безі бар дедім.
10:00
Speaker 1
Осы ауыздағы сілекей безі әк тәрізді заттарды бөледі.
10:07
Speaker 1
Әк тәрізді заттар не істейді?
10:14
Speaker 1
Ол шіріген жапырақтың қышқылдығын азайтады, балалар.
10:20
Speaker 1
Міне, сілекей безінің қызметі сонда.
10:23
Speaker 1
Одан кейін жұтқыншақ, өңеш ары қарай тамақ ары қарай кетеді.
10:28
Speaker 1
Міне, бұл жауын құртының ас қорыту жүйесі.
10:34
Speaker 1
Жауын құрты топырақтың арасындағы шіріген органикалық заттармен қоректенеді.
10:42
Speaker 1
Сендер егер де мұқият бақыласаңдар, кейбір кезде жауын құрты жүрген жерлерде домалақ-домалақ топырақтарды көреміз.
10:52
Speaker 1
Ол домалақ-домалақ топырақтар дегеніміз не?
11:03
Speaker 1
Ол ауыз қуысынан топырақты алып, оның ішіндегі органикалық заттарды өзіне қорегіне жаратып, ол артқы ішек арқылы.
11:17
Speaker 1
Жауын құртының сыртынан артқы ішек арқылы шыққан топырақ.
11:25
Speaker 1
Сондықтан олар домалақ-домалақ болып тұратыны сондықтан.
11:30
Speaker 1
Бұл жауын құрты тағы да айтамын, бұл өте пайдалы құрт.
11:36
Speaker 1
Себебі топырақты қопсытады, оны кеуек етеді, егер де қопсытылған топырақта, кеуек топырақта оттегі көп болады.
11:49
Speaker 1
Ал оттегі ол өсімдік үшін өте қажет дүние.
11:58
Speaker 1
Енді мына алдарыңда тұрған не деп ойлайсыңдар?
12:04
Speaker 1
Бұл сүтқоректілердің қарны.
12:08
Speaker 1
Сүтқоректілердің ішінде біз күйіс қайыратын ағзалардың ас қорытуымен танысайық.
12:16
Speaker 1
Күйіс қайыратын ағзалардың ас қорытуы мысал ретінде мынау салынған тұрған ол сиырдың қарны.
12:25
Speaker 1
Сонда сиырдың ас қорытуы қай жерден басталады?
12:32
Speaker 1
Әрине, ауыздан басталады.
12:35
Speaker 1
Ауыз, жұтқыншақ, өңеш.
12:41
Speaker 1
Өңештен кейін қарын болады.
12:44
Speaker 1
Қарны күйіс қайыратын малдардың қарны ол төрт бөлімнен тұрады.
12:52
Speaker 1
Ең үлкен қарын мес қарын дейді.
12:56
Speaker 1
Міне, мынау тұр, көріп тұрсыңдар.
13:00
Speaker 1
Одан кейінгі қарынды жұмыршақ дейді.
13:05
Speaker 1
Міне, екінші қарын.
13:08
Speaker 1
Жұмыршақтан кейін қатпаршақ қарын.
13:13
Speaker 1
Қатпаршақ қарын деп неге айтады?
13:20
Speaker 1
Ол мынау кітаптың беті сияқты қатпар-қатпар-қатпардан тұрады.
13:27
Speaker 1
Сондықтан қатпаршақ қарын дейді.
13:30
Speaker 1
Одан соң ұлтабар.
13:34
Speaker 1
Сиыр жайылымда жайылып жүр.
13:40
Speaker 1
Ол өзінің үлкен қарнын өзі қоректеніп шөппен толтырады.
13:48
Speaker 1
Сол кезде үлкен қарындағы бактериялар мен қарапайымдылар оны қорытуға қатысады.
13:55
Speaker 1
Ал адамның ас қорытуын есімізге түсірейікші.
14:03
Speaker 1
Бізде бактериялар қай бөлімге, біздің ас қорыту мүшелеріміздің қай бөлімде тіршілік етеді?
14:10
Speaker 1
Дұрыс, тоқ ішекте тіршілік етеді.
14:12
Speaker 1
Ал бұларда үлкен қарында, жұмыршақта, қатпаршақ қарында осындай бактериялар бар.
14:21
Speaker 1
Ол өсімдіктің құрамындағы жасунықты қорытуға қатысады.
14:28
Speaker 1
А жасунық дегеніміз ол целлюлоза.
14:32
Speaker 1
Сонда үлкен қарынға барады, үлкен қарын толады.
14:39
Speaker 1
Ол жерде бактериялар өзінің жұмысын жасайды.
14:45
Speaker 1
Қайтадан сиырдың ауызына осы үлкен қарындағы астың бір мөлшері жетеді.
14:54
Speaker 1
Сол кезде сиыр қайтадан шайнайды.
14:58
Speaker 1
Ол күйіс қайырады.
15:00
Speaker 1
Ол қайтадан жұтқан кезде өңеш арқылы үлкен қарынға баруы мүмкін.
15:08
Speaker 1
Немесе жұмыршақ қарынға баруы мүмкін.
15:13
Speaker 1
Біз енді бұл жерде жұмыршақ қарынға түстік.
15:16
Speaker 1
Жұмыршақ қарында ары қарай қорытылады, одан кейін ол қорек қатпаршақ қарынға барады.
15:26
Speaker 1
Қатпаршақ қарында ары қарай қорытылып, ол жартылай қанға сіңе бастайды.
15:33
Speaker 1
Одан соң ұлтабарға барады.
15:35
Speaker 1
Ұлтабар дегенімізді тағы да есімізге түсірейік.
15:38
Speaker 1
Ұлтабар дегеніміз аш ішектің бірінші бөлімін ұлтабар деп атайды.
15:45
Speaker 1
Осы ұлтабарға барып ары қарай қорытылады.
15:49
Speaker 1
Міне, балалар.
15:52
Speaker 1
Сонда біз екі жануардың, жауын құртының және сиыр жануардың мысалында біз ас қорытуда сендермен талдадық.
16:00
Speaker 1
Негізінен, сонымен ұлтабар дегеніміз сонымен не болды?
16:08
Speaker 1
Аш ішектің бірінші бөлімі болды.
16:12
Speaker 1
Күйіс қайыратын малдардың жануарлардың қарны қанша бөлімнен тұратын болды?
16:20
Speaker 1
Төрт бөлімнен.
16:22
Speaker 1
Бірінші үлкен қарын.
16:26
Speaker 1
Екінші жұмыршақ.
16:30
Speaker 1
Үшінші қатпаршақ қарын.
16:34
Speaker 1
Төртінші ұлтабар.
16:36
Speaker 1
Ал күйіс қайырмайтын малдардың жануарлардың қарны бірақ бөлімнен тұрады.
16:43
Speaker 1
Біз адамда қарын бірақ бөлімнен тұрады.
16:47
Speaker 1
Осыны біз ұмытпайық.
16:50
Speaker 1
Сонда ең бірінші сілекей безі қайда пайда болды?
16:57
Speaker 1
Жауын құртында пайда болды.
17:01
Speaker 1
Осы жауын құртындағы сілекей ол адамда да бар, сиырда да бар, сілекей безі бізде сілекей бөледі.
17:09
Speaker 1
Ал сілекейдің құрамындағы амилаза ферменті көмірсуды қорытуға қатысады.
17:15
Speaker 1
Ал пепсин нәруызды қорытады.
17:18
Speaker 1
Міне, балалар, біз осы екі жануардың мысалында бүгін ас қорыту мүшелерімен таныстық.
17:25
Speaker 1
Ас қорыту жүйесімен таныстық.
17:28
Speaker 1
Сабақ сендерге түсінікті деп ойлаймын.
17:31
Speaker 1
Келесі сабаққа шейін сау болыңдар.
Topics:асқорыту жүйесіжануарларжауын құртысиыркүйіс қайыратын малдарферменттерсілекей безібауырұйқы безі8 сынып биология

Frequently Asked Questions

Ас қорыту дегеніміз не және тірі ағзалар үшін оның маңызы қандай?

Ас қорыту – тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Ол ағзаға энергия алу және органикалық заттарды құрылыс материалы ретінде пайдалану үшін қажет.

Көп жасушалы жануарларда ас қалай қорытылады және ас қорыту жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Көп жасушалы жануарларда ас қанға сіңу үшін қоймалжың сұйықтық түрге айналып, қорытылуы керек. Ас қорыту жүйесі екі бөлімнен тұрады: ас қорыту жолы және ас қорыту бездері.

Ас қорыту бездеріне қандай бездер жатады және олардың негізгі қызметтері қандай?

Ас қорыту бездеріне сілекей безі, бауыр және ұйқы безі жатады. Сілекей безі сілекей бөледі, бауыр өт бөлу арқылы ас қорытуға қатысады, ал ұйқы безі панкреатин сөлін бөледі.

Get More with the Söz AI App

Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.

Or transcribe another YouTube video here →