Ешқашан Берілмеудің Құпиясы | АРМАНДА | Қазақша Мотива… — Transcript

Бұл видео армандарға сеніп, ешқашан берілмеу туралы қазақша мотивация береді.

Key Takeaways

  • Армандар өмірге бағыт береді және олар міндетті түрде орындалады.
  • Армандау – рух пен жігердің қайнар көзі.
  • Өмірде мақсатсыз жүру – уақытты босқа өткізу.
  • Өз арманыңды қорғап, оған сеніп, әрекет ету керек.
  • Ешқашан берілмеу – табыс пен бақыттың негізгі құпиясы.

Summary

  • Армандар адамға шабыт беріп, өмірге мән мен мақсат қосады.
  • Армандар орындалады, егер сен оларға шын жүректен сеніп, әрекет етсең.
  • Армансыз адам өмірде бағытсыз, мақсатсыз болады.
  • Өмірдің басты заңдылықтарын ескеру маңызды, армандау – солардың бірі.
  • Армандар адамды жігерлендіріп, қуат береді, бақытқа жетелейді.
  • Өмірде өз арманыңды орындау үшін саналы түрде әрекет ету керек.
  • Өз арманыңды ешкімге қарамай, өз қалауың бойынша таңда.
  • Уақытты босқа өткізбе, арманыңды есіңе алып, оған жетуге ұмтыл.
  • Армандарды күлкіге айналдырғандар емес, армандарын іске асырғандар әлемді өзгертті.
  • Қазір армандау мен әрекет ету уақыты, ешқашан берілме.

Full Transcript — Download SRT & Markdown

00:05
Speaker 1
Тыңдашы, досым, сенің бір нәрсе сұрағым келеді.
00:10
Speaker 1
Біз осы неге өмірдің басты заңдылықтарын ескермей жатамыз?
00:13
Speaker 1
Олар маңызды емес пе?
00:14
Speaker 1
Қазір айтатыным сен үшін ең құнды, ең қажетті дүниелер деп біл.
00:19
Speaker 1
Сондықтан менің айтқандарыма мұқият назар сал.
00:22
Speaker 1
Мен сенен мына нәрселерді сұрағым келеді.
00:25
Speaker 1
Жалпы сенің арманың бар ма?
00:27
Speaker 1
Жоқ па?
00:28
Speaker 1
Онда арманда.
00:29
Speaker 1
Бейне бір бала жүрегіндей пәк, таза кейіпте арманда.
00:33
Speaker 1
Дәл осы сәтке дейін бұл сөзді саған ешкім айтпағандай құштарлықпен арманда.
00:37
Speaker 1
Армандар орындалмайды деген өтірік сөз.
00:40
Speaker 1
Рас айтам, сенің армандарың міндетті түрде орындалады.
00:44
Speaker 1
Әрине, сенің арманың бар болса, егер сен оған шын жүрекпен сенетін болсаң және арманыңа қарай қандайда бір қадам басып әрекет етсең.
00:52
Speaker 1
Арманда, армандар адамға шабыт береді.
00:54
Speaker 1
Армандар адамды жігерлендіреді, әрекет жасауға құштар етеді.
01:00
Speaker 1
Армандар сені төсектен тұрғызады, бойыңа қуат береді.
01:06
Speaker 1
Армандар сені бақытты етеді, себебі сен жаман нәрселерді армандамайсың ғой.
01:10
Speaker 1
Армандар саған рух сыйлайды.
01:13
Speaker 1
Арманда, арман сенің бақыт жолың.
01:15
Speaker 1
Арманыңа қарай жетем деп әр басқан қадамың ол сенің мақсатың.
01:20
Speaker 1
Ал мақсат ол нақтылық.
01:22
Speaker 1
Ол сені бақытты етеді, үнемі жол сілтейді.
01:25
Speaker 1
Армансыз сен соқырсың.
01:27
Speaker 1
Иә, қайда барарыңды білмейсің.
01:29
Speaker 1
Флюгер сияқты жел қалай соқса солай бір орында айналасында тұрасың.
01:34
Speaker 1
Ал сен арманыңа қарай мақсат қойып жай ғана желе емес, бір қасың дауылдарға қарсы тұратын.
01:40
Speaker 1
Ағындарға қарсы жүретін, айсбергтердей алып мұздарды жарып өтетін биік желкенді кеме сияқты бол.
01:46
Speaker 1
Арманда, саналы түрде толық өмір сүр.
01:50
Speaker 1
Арманда, тек армандар ғана біздің өмірімізге мән береді.
01:53
Speaker 1
Өзің де, өмірің де мағынасыз болмасын, өтінемін, өмір сүр.
01:57
Speaker 1
Өзгелердің арманға жеткенін көре алмайтын, тек ауыздан қызықтап жүретін әлсіз болма.
02:03
Speaker 1
Олар саған қызықсын.
02:05
Speaker 1
Біз бұл өмірге жалданып жұмыс істеуге келген жоқпыз.
02:08
Speaker 1
Сен де бұл өмірге күннің шыққанын мен батқанын көру үшін ғана келген жоқсың ғой.
02:12
Speaker 1
Біз армандау үшін, ол арманды орындау үшін, оған жету үшін келдік.
02:18
Speaker 1
Арманда, ешкімге қарама.
02:20
Speaker 1
Өз қалауың бойынша арманда.
02:23
Speaker 1
Ешкім сені адастырмасын, жасытпасын.
02:26
Speaker 1
Арманың кішкентай ма?
02:27
Speaker 1
Мейлі, ол кішкентай болса да сенің арманың.
02:30
Speaker 1
Оны іске асыр.
02:31
Speaker 1
Тағы да арманда, өзің үшін мәнді, мағыналы ет.
02:34
Speaker 1
Арманда, арманнан арманға, арманнан арманға бұл өмірде, осы өмірде арманыңды іске асыр.
02:40
Speaker 1
Арманда, өтінемін.
02:41
Speaker 1
Әйтпесе сенің орныңа өзгелер армандайды.
02:45
Speaker 1
Ол кезде сен өзіңнің емес, өзгемнің арманшылардың өмірін сүресің.
02:49
Speaker 1
Өзіңнің емес, өзгемнің арманын орындайсың.
02:53
Speaker 1
Сен соны қалайсың ба?
02:54
Speaker 1
Сол үшін тудың ба?
02:56
Speaker 1
Сол үшін өмір сүріп жатсың ба?
02:59
Speaker 1
Кішкентай кезіңде ата-анаң мәпелеу сүйген кезде олар саған сенген еді.
03:04
Speaker 1
Сенің үлкен болашақ күткен.
03:05
Speaker 1
Қолынан дым келмейтін бос белбеу, армансыз әлсіз адам болар деп ойлаған да жоқ.
03:10
Speaker 1
Сен де сондай өмірді армандаған жоқсың.
03:13
Speaker 1
Солай ма?
03:15
Speaker 1
Тыңдашы, досым, асықпа, тоқташы.
03:17
Speaker 1
Армансыз бәрібір ештеңеге үлгере алмайсың.
03:20
Speaker 1
Арманың болмаса сен қайда, не үшін жүгіру керегін де білмейсің.
03:25
Speaker 1
Уақытыңды текке құртпа.
03:26
Speaker 1
Уақытыңды бос өткізіп мүлде құртпа.
03:29
Speaker 1
Ол сенің ең қымбат қазынаң.
03:31
Speaker 1
Мен уақытты өлтіру дегенді мүлде түсінбеймін.
03:34
Speaker 1
Тоқташы, есіңе алшы, мейлі бала кезің болсын, әйтеуір бір кезде әлденені армандадың ғой.
03:39
Speaker 1
Соны есіңе ал.
03:41
Speaker 1
Сен бала кезіңде бір рет болсын азамат болып өсетініңді армандадың.
03:46
Speaker 1
Жетістікке жететініңді, қоғамға маңызды адам боларыңды, тіпті атақты ғалым немесе керемет суретші, дәрігер, танымал спортшы, ол аз десең ғарышкер болуды да армандадың.
03:56
Speaker 1
Солай ғой.
03:57
Speaker 1
Бүкіл әлемді аралап, көптеген жаңалықтар ашып, әлем таңданарлық шедевр жасауды.
04:02
Speaker 1
Ақыр соңында өзің туралы керемет естеліктер қалдыруды да армандадың ғой.
04:06
Speaker 1
Немесе арманыңды білмесең де бақытты боларыңа сендің.
04:10
Speaker 1
Бірақ неге екені белгісіз барлығын ұмытып тастадың.
04:13
Speaker 1
Ешқайсысы орындалмаған.
04:14
Speaker 1
Неге?
04:17
Speaker 1
Бұл әлемді арманшылдар өзгертті.
04:20
Speaker 1
Арманының орындаларына ешкім сенбеген ессіздер жасады.
04:24
Speaker 1
Олар арманын айтқанда жұрт күлген еді.
04:27
Speaker 1
Есің дұрыс па, бұл мүмкін емес.
04:30
Speaker 1
Дұрыс нәрсе ойла, дұрыс нәрсені арманда деп оны келеке еткен еді.
04:34
Speaker 1
Біз таңдайы қаққан ұлылықтың барлығы, ғажайыптардың бәрі, тіпті бәріміз жасайтын селфидің өзі кезінде біреудің арманы болатын.
04:41
Speaker 1
Біреулердің ақылға қонымсыз қиялы болатын.
04:45
Speaker 1
Ал біреулердің үздіксіз еңбегі, біреулердің сенімі еді.
04:50
Speaker 1
Досым, арманда.
04:52
Speaker 1
Дәл қазір қайда болсаң да, мейлі кім болсаң да арманыңды іске асыруға әлі де кеш емес.
04:57
Speaker 1
Ойлашы, егер сен өмірге келмесең қазір не істер едің?
05:00
Speaker 1
Не істейді?
05:01
Speaker 1
Ештеңе.
05:03
Speaker 1
Бірақ сен өмірге келдің.
05:05
Speaker 1
Сен барсың.
05:06
Speaker 1
Сен тірісің.
05:07
Speaker 1
Ендеше арманыңа жет.
05:09
Speaker 1
Арманыңды әлі білмейсің бе?
05:11
Speaker 1
Онда өзіңнен сұра.
05:13
Speaker 1
Сен шынымен нені қалайсың?
05:15
Speaker 1
Кім болғың келеді?
05:16
Speaker 1
Қайда барғың келеді?
05:17
Speaker 1
18 мың ғалам таңғажайып жаратылыспен жасалып, мінсіз жүйе орныққан мына әлемде оның бір түйірі болған сен неге армандамайсың?
05:24
Speaker 1
Сонда сен осынау ғажайып әлемнің бар мен жоғын белгісіз болып, ешкімге еліусіз күйде көптің бірі болып кете бермексің бе?
05:30
Speaker 1
Адам баласы әлемді тануға, жасауға жаралған.
05:33
Speaker 1
Ол ештеңе қаламай, ештеңеге талпынбай тұруы мүмкін емес.
05:37
Speaker 1
Бұл жаратылысқа қарсылық.
05:39
Speaker 1
Түсінесің бе?
05:40
Speaker 1
Қазір арманыңа аяқ басудың дәл уақыты.
05:44
Speaker 1
Кеше емес, ертең емес, дүйсенбі емес, айдың бірі немесе жаңа жыл да емес, дәл қазір.
05:49
Speaker 1
Дәл қазір арманда.
05:50
Speaker 1
Арманың үлкен болсын, не кішкентай болсын.
05:53
Speaker 1
Армандар бәрібір тең.
05:54
Speaker 1
Екеуі де арманда.
05:56
Speaker 1
Дәл қазіргі өміріңнің ойларыңды өшір де, өзіңе ұнайтындай жаңадан қиялда.
06:00
Speaker 1
Жоспар құр.
06:01
Speaker 1
Жаз.
06:02
Speaker 1
Арманда.
06:03
Speaker 1
Өзіңе, арманыңа сен, адамдарға, айналаға сен.
06:06
Speaker 1
Істе.
06:07
Speaker 1
Ешқашан берілме.
06:08
Speaker 1
Ешқашан.
06:09
Speaker 1
Естисің бе, ешқашан берілме.
06:12
Speaker 1
Өз арманыңды болмашы жалқаулыққа сатпа.
06:16
Speaker 1
Мен саған сенемін.
06:17
Speaker 1
Сен де өзіңе сен.
06:19
Speaker 1
Арманың орындалады.
06:20
Speaker 1
Армандауды дәл қазір баста.
Topics:армандаумотивацияқазақша мотивацияешқашан берілмеумақсатрухжігерөмірқазақша видеоармандар

Frequently Asked Questions

Армандар не үшін қажет және олар адамға қалай әсер етеді?

Армандар адамға шабыт береді, жігерлендіреді және әрекет жасауға құштар етеді. Олар адамды төсектен тұрғызып, бойына қуат береді, сонымен қатар бақытты етеді және рух сыйлайды.

Армандардың орындалуы үшін не істеу керек?

Армандардың орындалуы үшін оған шын жүрекпен сену керек және арманға қарай қандай да бір қадам басып, әрекет ету қажет. Арманға қарай басқан әр қадам мақсатқа айналып, адамды бақытқа жетелейді.

Армандарсыз өмір қандай болады?

Армандарсыз адам соқыр сияқты, қайда барарын білмейді. Ол флюгер сияқты жел қалай соқса, солай бір орында айналасында тұрады, яғни өмірінде мағына болмайды.

Get More with the Söz AI App

Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.

Or transcribe another YouTube video here →