Лимфа жүйесі | Қызметі | Құрылысы | #лимфа #lymphaticsystem #Лимфажүйесі

Full Transcript — Download SRT & Markdown

00:00
Speaker A
Лимфа жүйесі.
00:02
Speaker A
Қан айналым жүйесінің бір бөлігі болып, венаның қызметін толықтырып отырады және ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады.
00:10
Speaker A
Достар, бүгінгі видео қызық болса, видео басталмай жатып, біздің каналға тіркеліп, видеоға лайк басып, комментарий қалдырып кетуді ұмытпаңыздар, осылай біздің каналдың дамуына үлес қоса аласыздар.
00:21
Speaker A
Кеттік, видеоны бастаймыз.
00:23
Speaker A
Ең алдымен лимфа жүйесінің құрамын бөліктеріне тоқталсақ.
00:28
Speaker A
Лимфа жүйесі ағзалар мен тіндерде таралған лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, лимфа тамырлары бойындағы клапандардан және мойын венасына құятын ірі лимфа сабаулары мен түтіктерден құралған.
00:41
Speaker A
Ал енді осы лимфа тамырларының ішіндегі лимфа сұйықтығына тоқталсақ.
00:45
Speaker A
Лимфа сұйықтығы бұл организмнің екінші сұйықтық ортасы болып табылады, оның түсі мөлдір, ересек адамдарда сарғыш, ал жаңа туған нәрестелерде ақ сүт түсті болады.
00:56
Speaker A
Лимфа сұйықтығы қанның құрамынан белоктардың аз болуымен, эритроцит, тромбоциттердің болмауымен және тағы да басқа белгілердің болмауымен ерекшеленіп тұрады.
01:47
Speaker A
Ал енді лимфа жүйесінің ерекшеліктеріне келсек.
01:50
Speaker A
Лимфа жүйесі қан айналым жүйесіндегідей үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінен басталмайды, ол жасушааралық кеңістіктерден, артерия мен вена қосылған анастомоздардың арасынан, микроциркуляторлық арналардың арасынан басы тұйықталып басталып,
02:06
Speaker A
мойын венасында аяқталады, яғни қан тамырлардағыдай шеңбер түрінде емес, бір нүктеден басталып, екінші нүктеде аяқталып, лимфа сұйықтығын тек осылай бір бағытта ғана тасымалдайды.
02:20
Speaker A
Ал енді лимфа жүйесінің қызметтеріне тоқталсақ.
02:23
Speaker A
Ең бірінші бұл лимфа жүйесінің пластикалық қызметі, яғни лимфа тамырлары, лимфа капиллярлары жасушалардан зат алмасудың соңғы өнімдері, тіндерден гормондарды, белоктарды, су және электролиттерді тасымалдайды.
02:39
Speaker A
Екінші дренаждық қызметі.
02:41
Speaker A
Яғни сору қызметі.
02:42
Speaker A
Лимфа жүйесі венамен қосылып, жасушааралық кеңістіктегі артық сұйықтықтарды сорып отырады.
03:30
Speaker A
Үшінші резорбциялық қызметі.
03:32
Speaker A
Яғни сіңіру.
03:33
Speaker A
Жасушааралық кеңістіктегі қан тамырларға өтпей қалған қалдық заттар лимфа тамырлары арқылы жалпы қан айналымға құйылады.
03:42
Speaker A
Төртінші қызметі лимфа жүйесінің май алмасуға қатысуы.
03:45
Speaker A
Яғни ішекте сіңірілген майлар хиломикрондар, яғни май тасыушы белоктар арқылы ішекте орналасқан лимфа тамырларымен тасымалданып, қан айналымға құйылады.
03:57
Speaker A
Бесінші иммундық қызметі.
03:59
Speaker A
Лимфа түйіндерінде лимфоциттер түзіліп, пісіп жетіледі және сол жерде иммундық реакцияларға қатысады.
04:08
Speaker A
Алтыншы лимфа жүйесінің тосқауылдық, яғни барьерлік қызметі.
04:12
Speaker A
Организмге түскен әртүрлі микроорганизмдер, генетикалық тұрғыдан жат денелер, аллергендер, ісік клеткалары лимфа тамырлары арқылы сорылып, лимфа түйіндеріне келеді, лимфа түйіндерінде фагоциттердің әсерінен жойылып, зарарсыздандырылып отырады, солай лимфа жүйесі иммундық жауапқа қатысады.
05:16
Speaker A
Ал ең соңғы қызметі лимфа жүйесінің деполық қызметі, яғни қанның деңгейі әртүрлі себептерге байланысты азайып кететін болса, мысалы қан кетулерде, лимфа жүйесі өзінің құрамындағы сұйықтық арқылы организмдегі қанның деңгейін реттеп отырады.
05:33
Speaker A
Ал енді достар, бүгінгі тақырыптың ең қызық бөлігіне келдік.
05:38
Speaker A
Ол лимфа ағысы деп аталады.
05:40
Speaker A
Қан тамыр жүйесінде білесіздер, достар, қанды айдайтын және оны соратын насостық қызмет атқаратын жүрек дейтін органымыз бар, ал лимфа жүйесінің өзіңіз білесіздер, лимфаны жинау үшін лимфа түтігі жүрекпен байланыспаған, ол мойындырық венаға барып құйылады.
05:58
Speaker A
Ал ол жердегі венада жүректегідей қысым жоқ екені анық.
06:02
Speaker A
Бұл жерде сұрақ.
06:03
Speaker A
Организмдегі бүкіл лимфалық сұйықтық қандай қысымның әсерінен қан тамырға құйылады деген.
06:09
Speaker A
Бұл сұрақтың жауабын айтпай тұрып, ең бірінші біз лимфалық түтікті, яғни кеуде өзегіне тоқталсақ.
06:16
Speaker A
Кеуде өзегі бұл организмдегі толық лимфа тамырларының жиналып, лимфа сұйықтығын құятын ең басты лимфалық сабау болып табылады.
06:23
Speaker A
Бұл сабау оң жақ және сол жақ болып бөлінеді.
06:30
Speaker A
Сол жақ кеуде сабауы ұзындығы 30-40 см аралығында болып, бірінші, екінші бел омыртқасы тұсынан басталады.
06:40
Speaker A
Ол организмнің оң жақ аяқ және сол жақ бөлігіндегі жасушааралық тын аралық лимфа сұйықтықтарын жинап, сол жақ бұғана асты мойындырық венасының қосылған жеріндегі бұрышқа барып ашылады.
06:50
Speaker A
Және сол жерде лимфалық сұйықтықты веналық қанға құяды.
06:54
Speaker A
Ал оң жақтағы кеуде түтігі болса, ол өте кішкентай болып, ол тек қана оң жақ бас, мойын, оң қол және оң кеуде аймағындағы лимфа сұйықтықтарын жинап,
07:01
Speaker A
оң жақтағы бұғана асты мойындырық венасының бұрышына ағып құяды.
07:07
Speaker A
Ал енді лимфа ағысына келсек.
07:10
Speaker A
Лимфа ағысы ең бірінші ол жасушааралық кеңістіктегі қалдық заттардың көлемінің артуымен және сол жердегі қысымның арқасында лимфа капиллярларына сұйықтықтың түсуі.
07:20
Speaker A
Екіншісі, мына айтып өткеніміздей лимфа тамырларының бойында орналасқан клапандардың әсері.
07:27
Speaker A
Ол клапандар лимфа сұйықтығының кері кетіп қалуын алдын алып отырады.
07:33
Speaker A
Үшінші фактор бұл лимфа тамырларымен жанасып орналасқан мүшелер.
07:35
Speaker A
Органдар, тіндер.
07:36
Speaker A
Яғни олар бұлшықет, ішек, қан тамырлар және тағы да басқа компоненттер.
07:40
Speaker A
Осы мүшелердің перистальтикасының, яғни қимыл қозғалысының әсерінен лимфа ағысы күшейеді.
07:47
Speaker A
Ал төртінші фактор бұл сол жақ кеуде түтігінің.
07:50
Speaker A
Қарны қосынан кеуде қуысына диафрагманы тесіп өтуі және диафрагмамен байланысы.
07:59
Speaker A
Яғни диафрагма бұлшықетінің жиырылып босаңсуының әсерінен лимфа түтігінде қысым артып, лимфа ағысы күшейеді.
08:08
Speaker A
Ал келесі фактор бұл кеуде қуысындағы өкпенің теріс қысымының әсері.
08:15
Speaker A
Яғни әр демалғанымыз сайын өкпе кеуде қуысында теріс қысым пайда болып, лимфаның жоғары қарай көтерілуіне ықпал етеді.
08:25
Speaker A
Егер адам минутна қалыптан тез демалатын болса, лимфа сұйықтығының ағысы да соған байланысты күшейіп отырады.
08:32
Speaker A
Осындай факторлардың әсерінен лимфа сұйықтығы жалпы қан айналымға құйылады.
08:39
Speaker A
Ал достар, осы жерде адам не үшін спортпен айналысу керек, не үшін үнемі қозғалыста болу керек екенін түсінген боларсыздар.
08:48
Speaker A
Ал достар, осымен біздің видео аяқталды, видео ұнаған болса, лайк басып, комментарийға өз ойларыңызды жазып,
08:55
Speaker A
каналға тіркеліп, пайдалы болған болса, достарыңызға таратып қойыңыздар.
09:00
Speaker A
Назарларыңызға.

Get More with the Söz AI App

Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.

Or transcribe another YouTube video here →