Иіс сезу нерві. (І) Nervi olfactorii — Transcript

Иіс сезу нервінің құрылымы мен қызметі, төрт нейрондық жүйесі және ми бөліктерімен байланысы туралы толық түсінік.

Key Takeaways

  • Иіс сезу нерві төрт нейроннан тұрады, олардың әрқайсысы нақты ми бөліктерінде орналасқан.
  • Иіс сезу жүйесі сезімтал нерв ретінде иісті қабылдап, оны орталық жүйке жүйесіне жеткізеді.
  • Иіс сезу жүйесі эмоциялар мен есте сақтаумен байланысты ми құрылымдарымен байланысады.
  • Иіс сезу нервінің талшықтары әртүрлі бағыттармен жүріп, түрлі ми ядроларымен байланысады.
  • Иіс сезу жүйесі шартсыз рефлекторлық қозғалыстарды басқаратын экстрапирамидті жолдармен байланысады.

Summary

  • Иіс сезу нерві (nervi olfactorii) бас ми жүйкесінің бірінші жұп нерві болып табылады.
  • Иіс сезу нерві үш бөлімнен тұрады: рецепторлық, өткізгіштік және орталық бөліктер.
  • Иіс сезу жүйесінде төрт нейрон бар: биполярлы нейрон, митральды нейрон, иіс сезу үш бұрышындағы нейрон және ілмектегі нейрон.
  • Биполярлы нейрондар мұрын шырышында орналасқан рецепторлармен байланысады және аксондары lamina cribrosa арқылы өтеді.
  • Митральды нейрондар иіс сезу бұлтығында орналасып, бірінші нейронмен синапс құрады.
  • Үшінші нейрон иіс сезу үш бұрышында орналасып, аксондары үш талшыққа бөлінеді: латеральды, аралық және медиальды талшықтар.
  • Латеральды талшық ілмекке тікелей барады және бадамша тәрізді дене мен гипоталамусқа тармақ береді.
  • Аралық талшық мөлдір қалқа арқылы ілмекке жетіп, емізгіш денеге және таламусқа бағытталады.
  • Иіс сезу жүйесі эмоция, есте сақтау және шартсыз рефлекстерге жауап беретін орталықтармен тығыз байланыста.
  • Видео иіс сезу нервінің анатомиясы мен физиологиясын түсіндіреді және білім алушыларға арналған.

Full Transcript — Download SRT & Markdown

00:00
Speaker A
Қайырлы күн, құрметті достар.
00:05
Speaker A
Бүгінгі біздің талқылайтын тақырыбымыз ол бас ми жүйкесінің бірінші жұп нерві, яғни иіс сезу нерві немесе иіс сезу анализаторлары.
00:12
Speaker A
Иіс сезу нерві латынша nervi olfactorii деп аталады.
00:17
Speaker A
Бұл қызметіне қарай сезімтал нерв болып келеді.
00:22
Speaker A
Яғни иіс сезу нервінде біз үш бөлімді, яғни үш бөлігін ажыратамыз: ол рецепторлық бөлігі, өткізгіштік бөлігі және орталық бөлігі.
00:33
Speaker A
Мына суретте көрсетілген заттарды атап кететін болсам, бұл жерде lamina cribrosa, яғни торлы сүйек көрсетілген.
00:49
Speaker A
Иіс сезу бұлтығы, иіс сезу жолы, иіс сезу үш бұрышы және corpus callosum, ми жүйке дене, thalamus, емізгіш дене, одан кейін бадамша тәрізді дене, ілмек және гипоталамус көрсетілген.
01:45
Speaker A
Бұл иіс сезу нервінде біз төрт нейронды ажыратамыз, яғни төрт нейроны болады.
01:51
Speaker A
Оның бірінші нейроны иіс сезу аймағында, яғни иіс сезу аймағында орналасқан, иіс сезу аймағы деп отырғанымыз, ол мұрынның шырышты, мұрынның жоғарғы жолының шырышты қабатында орналасқан аймақ.
02:18
Speaker A
Бұл жерде бірінші нейрон орналасқан, яғни бірінші нейронымыз ол биполярлы нейрон.
02:29
Speaker A
Екінші нейрон, екінші нейрон ол митральды нейрон деп аталып, ол иіс сезу бұлтығында орналасады.
02:40
Speaker A
Ал үшінші нейрон, үшінші нейрон ол иіс сезу үш бұрышында орналасқан.
03:24
Speaker A
Төртінші нейронымыз ол ілмекте орналасқан, яғни uncus-та орналасқан.
03:36
Speaker A
Бірінші нейронның, яғни биполярлы нейрондардың дендриттері рецепторлармен байланысқан.
04:06
Speaker A
Бұл рецепторлар мұрын шырышында орналасқан.
04:11
Speaker A
Ал бұның биполярлы нейрондардың аксондары lamina cribrosa-дан өтіп, яғни 15-20 fila olfactoria-ны құрап, иіс сезу бұлтығына кіреді.
05:23
Speaker A
Иіс сезу бұлтығында бізде жаңа атап кеткендей екінші нейрон орналасқан.
05:42
Speaker A
Екінші нейронның дендриттерімен бірінші нейронның аксондары синапс құрайды, яғни синапс.
05:59
Speaker A
Өз кезегінде екінші нейронның аксондары иіс сезу жолымен жүріп, иіс сезу үш бұрышына келіп, бұл жерде үшінші нейронның дендриттерімен синапс құрайды.
06:54
Speaker A
Ал үшінші нейрон, бұл жерде үш талшыққа, яғни үш талшыққа бөлінеді.
07:26
Speaker A
Ол талшықтары латеральды талшығы, аралық талшығы, одан кейін медиальды талшығы.
07:46
Speaker A
Бұның ең ішіндегі күштісі, яғни ересе, ол латеральды талшық.
08:04
Speaker A
Латеральды талшығы тікелей ілмекке барады.
08:20
Speaker A
Ол өз жолында кішігірім тармақтарды беріп кетеді, яғни ол тармақтары бізде бадамша тәрізді денеге, кейінгісі гипоталамусқа барады.
08:46
Speaker A
Яғни бадамша тәрізді денеде ол бізде иіс сезуді эмоциямен байланыстырады, ал гипокампта ол иіс сезу сақталады, яғни иіс сақталады.
09:10
Speaker A
Енді аралық талшығы, аралық талшығы ол бізде мөлдір қалқаға өтіп, мөлдір қалқадан күмбез арқылы ілмекке келеді.
09:40
Speaker A
Өз кезегінде ілмектегі нейронның аксондары күмбез арқылы емізгіш денеге барады.
10:00
Speaker A
Емізгіш денедегі ядроға барады, ол өз кезегінде таламусқа барады, яғни таламустың алдыңғы ядросымен ұласады.
10:29
Speaker A
Және орталық мидың жоғарғы төбешігіне барады.
10:49
Speaker A
Орталық мидың жоғарғы төбешігінде бізде экстрапирамидті жол, яғни латынша айтсақ, tractus tectospinalis басталады.
11:14
Speaker A
Бұл жол кенет күшті иісті, көрулік, естулік және тактильді тітіркендіргіштерге шартсыз рефлекторлық қимыл-қозғалыс ретінде жауап беріп отырады.
11:40
Speaker A
Ал бұл емізгіш ілмек, екі талшыққа, және таламус, таламус өз кезегінде таламустың алдыңғы ядросы өз кезегінде бұның аксондары таламустан шығып, орбита фронтальды қыртысқа барып, сол жермен байланысады.
12:25
Speaker A
Яғни иіс сезу нерві, қысқаша айтсақ, бізде төрт нейроннан тұрады.
12:37
Speaker A
Оның бірінші нейроны биполярлы нейрон, екіншісі иіс сезу бұлтығында орналасқан митральды нейрондар.
12:50
Speaker A
Үшіншісі иіс сезу үш бұрышында орналасқан нейрондар.
12:59
Speaker A
Ал төртіншісі ілмекте орналасқан нейрон.
13:05
Speaker A
Бүгінгі қысқаша тақырыбымыз осы.
13:10
Speaker A
Егер мәліметіміз ұнаса, каналымызға арнамызға жазылып кетіңіздер.
Topics:иіс сезу нервіnervi olfactoriiми жүйкесібиполярлы нейронмитральды нейрониіс сезу бұлтығыиіс сезу үш бұрышыілмекбадамша тәрізді денегипоталамус

Frequently Asked Questions

Иіс сезу нерві қандай құрылымдардан тұрады?

Иіс сезу нерві үш бөлімнен тұрады: рецепторлық бөлігі, өткізгіштік бөлігі және орталық бөлігі. Сонымен қатар, төрт нейрондық жүйеге ие.

Иіс сезу жүйесіндегі бірінші нейрон қайда орналасқан?

Бірінші нейрон мұрынның жоғарғы жолының шырышты қабатында орналасқан биполярлы нейрон болып табылады.

Иіс сезу жүйесі эмоциялармен қалай байланысты?

Иіс сезу жүйесінің латеральды талшығы бадамша тәрізді денеге тармақ беріп, иіс сезуді эмоциялармен байланыстырады.

Get More with the Söz AI App

Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.

Or transcribe another YouTube video here →