Асқазан-ішек жолдарының аурулары және тамақтану гигиена… — Transcript

Асқазан-ішек жолдарының аурулары, олардың себептері мен тамақтану гигиенасы туралы 8-сыныпқа арналған сабақ.

Key Takeaways

  • Асқазан-ішек ауруларын алдын алу үшін гигиена мен дұрыс тамақтану маңызды.
  • Ботулизмнің алдын алу үшін консервілерді дұрыс өңдеу қажет.
  • Паразиттер мен жұқпалы аурулар лас орта мен қол арқылы таралады.
  • Тамақтану режимін сақтау асқазанның саулығын қамтамасыз етеді.
  • Ауру белгілері байқалса, жедел жәрдемге жүгіну керек.

Summary

  • Асқазан және ішек ауруларын микроағзалар, бактериялар, қарапайымдылар және вирустар тудырады.
  • Ішек жұқпалары қайнамаған су, жуылмаған көкөністер, лас ыдыс-аяқ және сақтау мерзімі өткен тағамдар арқылы таралады.
  • Дизентерия, тышқақ, ішсүзегі, тиф, тырысқақ, холера сияқты қауіпті аурулар бар.
  • Паразиттер адам ағзасына лас су, топырақ және лас қол арқылы енеді, олар тек ішекте ғана емес, басқа ағзаларда да тіршілік етеді.
  • Асқазанның қабынуы гастрит деп аталып, емделмесе жараға айналады.
  • Семіздік липид алмасуының бұзылуынан туындайтын созылмалы ауру.
  • Ботулизм – консервілерден тарайтын, өлімге әкелетін тағам улануы, оның токсині жылан уынан 400 мың есе күшті.
  • Ботулизмнің алғашқы белгілері: әлсіздік, көру қабілетінің төмендеуі, тыныс алу қиындауы, ішек жұмысын тоқтатуы.
  • Тамақтану гигиенасы: күніне үш рет тамақ ішу, тамақты дұрыс пісіру, ауызды шайып, тісті тазалау маңызды.
  • Тамақ ішкенде сөйлемеу, ыстық немесе суық тағамнан аулақ болу және майлы, ащы тағамдарды шектеу қажет.

Full Transcript — Download SRT & Markdown

00:00
Speaker A
Қайырлы күн, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы асқазан ішек жолдарының аурулары және тамақтану гигиенасы.
00:07
Speaker A
Асқазан және ішек ауруларын ауру тудыратын микроағзалар, бактериялар, қарапайымдылар және вирустар тудыруы мүмкін.
00:13
Speaker A
Көбінесе ағзаға ішек жұқпасының қоздырушылары қайнамаған су, жақсы жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектер, лас ыдыс-аяқ, кір қол және сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері арқылы түседі.
00:25
Speaker A
Микроағзалар тез көбейіп, ағзаны улайтын улы заттар бөліп шығарады.
00:30
Speaker A
Қауіпті ауруларға дизентерия, тышқақ, ішсүзегі, тиф, тырысқақ, холера және тағы басқалар жатады.
00:38
Speaker A
Асқазан ішек жолдары ауруларының жұқпаларын көбінесе шыбындар мен тарақандар да таратады, сондықтан осы жәндіктермен күресуге назар аудару керек.
00:46
Speaker A
Адам ағзасы 400-ден астам паразит құрттарының дамуына ең қолайлы орта.
00:52
Speaker A
Олар тек ішекте емес, өкпеде де, жүректе де, бұлшықеттерде, тіпті бас миында да тіршілік етеді.
00:58
Speaker A
Паразиттер адам ағзасына жуылмаған немесе дұрыс қайнатылмаған лас суларға шомылу және лас топырақ, лас қол арқылы түседі.
01:07
Speaker A
Тек жұқтырған адамның лас қолы арқылы ғана емес, оған дейінгі тұтынған адамдардың қолдарының лас арқылы жұғады.
01:13
Speaker A
Паразиттердің жұмыртқасы ақшада, көпшілік жерлерде,
01:18
Speaker A
суда, балықта, салада, шұжықта, шошқа етінде, сиыр етінде, тауықта, қой еттерінде,
01:26
Speaker A
тіпті тауық жұмыртқасында да кездеседі.
01:29
Speaker A
Асқазанның шырышты қабатының қабынуы
01:31
Speaker A
гастрит деп аталады.
01:32
Speaker A
Оны уақытылы емдемесе, асқазан жарасының пайда болуына келеді.
01:37
Speaker A
Бұндай кезде адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді.
01:40
Speaker A
Асқазаны қыжылдап, кекіреді.
01:43
Speaker A
Жауырынның орта тұсы ауырады.
01:45
Speaker A
Ұйқысы қашады.
01:47
Speaker A
Семіздік дене салмағының өсуімен дененің әр жеріне май жиналуымен жүретін липид алмасуының бұзылуымен,
01:53
Speaker A
кейіннен асқынудан жүретін созылмалы құбылыс.
01:57
Speaker A
Ботулизм деген не?
01:59
Speaker A
Және оның алғашқы белгілері қандай?
02:01
Speaker A
Соңы өлімге келетін тамақтан уланудың бір түрі.
02:06
Speaker A
Ботулизм негізгі себептері тағамдағы консервілер.
02:08
Speaker A
Оның қоздырушы бактериялары топырақта бекиді.
02:11
Speaker A
Топырақ арқылы өсімдік бойына еніп, жануардың ағзасына түседі.
02:15
Speaker A
Сондықтан ботулизмнің пайда болу себептері топырақпен байланысты.
02:20
Speaker A
Барлық заттар болуы мүмкін.
02:22
Speaker A
Дұрыс жуылмаған немесе қайнатылмаған заттар,
02:25
Speaker A
токсиндерді тез дамыта бастайды.
02:27
Speaker A
Олар оттегісіз ортада жақсы дамитындықтан, консервілерде, ірі ішек пен шұжықтың қабықтары,
02:33
Speaker A
бактериялардың жиналуына тиімді орын болмақ.
02:37
Speaker A
Ботулотоксин жер бетіндегі ең қауіпті улы заттың түрі.
02:40
Speaker A
Салыстырмалы түрде қарасақ, ол жыланның уынан 400 мың есе күштірек.
02:46
Speaker A
Бірақ олар 50-60 градус Цельсиймен қайнатқанда ыдырайды.
02:50
Speaker A
Сондықтан пісіріп, қуырылып желінетін тағамдардың барлығын жақсылап пісіріп, қуырып жеуіміз қажет.
02:57
Speaker A
Ботулотоксиндер өнімнің сыртқы түріне, дәміне еш әсер етпейді.
03:00
Speaker A
Оны тек лабораториялық тексеріс арқылы ғана байқауға болады.
03:04
Speaker A
Ботулизм кезінде құсу, іш өту болмайды.
03:09
Speaker A
Онымен ауырған кезде ішек болқынбайды.
03:12
Speaker A
Керісінше жұмысын толық тоқтатады.
03:15
Speaker A
Ботулизммен ауырғанда адам әлсіреп, көру қабілеті төмендейді.
03:19
Speaker A
Көз алдындағы заттар екі еселеніп көрінеді.
03:24
Speaker A
Дем алу қиындайды.
03:26
Speaker A
Осындай белгілер байқалған кезде шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру керек.
03:32
Speaker A
Және жедел жәрдем келгенше краннан ағып тұрған суды литрлеп ішу керек.
03:38
Speaker A
Себебі оны қайнату үшін уақыт жоғалтып алуымыз мүмкін.
03:42
Speaker A
Былайша айтқанда токсин қанға, миға өткізбеу керек.
03:46
Speaker A
Әрі қарай барлық үміт дәрігерлерде болмақ.
03:51
Speaker A
Ересек адам күніне үш рет тамақ ішу керек.
03:54
Speaker A
Диетолог ғалымдар мынадай ережелер ұсынады: бір тәулікте ішетін тамақтың 20 пайызын таңғы аста,
04:00
Speaker A
20 пайызын кешкі аста, екінші таңғы ас пен түскі аста 30 пайыздан ішу керек.
04:06
Speaker A
Уақытылы тамақ ішпеу асқазан ауруына, асқазан қабынуы мен жарасына себеп болуы мүмкін.
04:13
Speaker A
Артық тамақ ішуден зиян.
04:15
Speaker A
Кешкі ұйықтаудан кем дегенде бір жарым сағат бұрын тамақ ішу керек.
04:20
Speaker A
Тамақ жеген кезде сөйлеуге, телевизор қарауға болмайды.
04:24
Speaker A
Тамақ өте ыстық немесе өте суық болмау тиіс.
04:28
Speaker A
Майлы және ащы тамақ жеуден зиян.
04:30
Speaker A
Тамақ жеп болған соң ауызды міндетті түрде шайып, тісті тазалау керек.
04:34
Speaker A
Бүгінгі сабағымыз осымен тамам.
04:37
Speaker A
Келесі кездескенше аман болайық.
Topics:асқазан-ішек ауруларытамақтану гигиенасыпаразиттерботулизмгастритжұқпалы аурулартамақтану ережелері8-сыныпқазақша сабақденсаулық

Frequently Asked Questions

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын қандай микроағзалар тудыруы мүмкін?

Асқазан және ішек ауруларын ауру тудыратын микроағзалар, бактериялар, қарапайымдылар және вирустар тудыруы мүмкін. Олар көбінесе қайнамаған су, жақсы жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектер, лас ыдыс-аяқ, кір қол және сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері арқылы ағзаға түседі.

Адам ағзасына паразиттер қалай түседі және олар қай жерлерде кездеседі?

Паразиттер адам ағзасына жуылмаған немесе дұрыс қайнатылмаған лас суларға шомылу, лас топырақ және лас қол арқылы түседі. Паразиттердің жұмыртқасы ақшада, көпшілік жерлерде, суда, балықта, салада, шұжықта, шошқа етінде, сиыр етінде, тауықта, қой еттерінде, тіпті тауық жұмыртқасында да кездеседі.

Ботулизм деген не және оның негізгі себептері қандай?

Ботулизм – соңы өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі. Оның негізгі себептері тағамдағы консервілер болып табылады, өйткені оның қоздырушы бактериялары топырақта бекіп, оттегісіз ортада жақсы дамиды.

Get More with the Söz AI App

Transcribe recordings, audio files, and YouTube videos — with AI summaries, speaker detection, and unlimited transcriptions.

Or transcribe another YouTube video here →